Бейбіт Назаров Kunlun Fight тұжырымы бойынша әлем чемпионы болды
- author «Ақ жол»
- 5 сәуір, 2015
- 557
Қазақстандық Бейбіт Назаров Kunlun Fight турнирінің титулға талас жекпе-жегінде Бразилия спортшысы Бруно Аморимді жеңіп, Қытай промоушенінің тұжырымы бойынша орта салмақта әлем чемпионы болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Алматыда өткен турнирдің қорытынды кездесуінде Назаров пен Аморим жекпе-жегі тартысты болды. Екі жұдырықтасушы да сәт сайын басымдық көрсетіп отырды. Қазақстандық үшінші раундта рұқсат етілмеген соққы жасап, ескерту алып қалды. Үш раунд біткеннен кейін қазылар алқасы нәтижені ұзақ уақыт бойы талқылады. Қорытындысында төрешілер екі спортшыға қосымша раунд беріп, оның нәтижесінде Назаров жеңіске жетті. Аморим қазылар алқасының бұл шешімімен келіспей, марапаттау сәтін күтпей жатып, октагоннан кетіп қалды.
Турнирдегі өзге де жұптардың қорытындысын мына жерден оқи аласыздар. Еске салайық, Kunlun Fight лигасы Қытайдағы ең танымал турнилердің бірі. Бұл промоушеннің турнирін Қытай, Еуропа және Австралия тұрғындары көреді.
ақпарат көзі tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




