Денсаулық - зор байлық
Байзақ ауданында «Денсаулық – зор байлық» атты веложарыс ұйымдастырылды. Шараға мектеп оқушылары қатысып, 46 бала саламатты өмір салтын насихаттады. Сарыкемер ауылындағы Байзақ батыр көшесінің бойымен орталық алаңға бет алған балғындар құстай жүйткіді.
Шара барысында Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт мектебі директорының орынбасары Асқар Шаухаров сөз алып, жасөспірімдердің саламатты өмір салтын ұстанып, жарысқа белсене қатысып отырғандарына ризашылығын жеткізді. Балалардың додаға белсене атсалысқаны қуантты. Жарыста жүлде алған оқушылар ескерусіз қалған жоқ. Шараға қатысушылар алаңға жиналған жұртшылықты елімізде кезектен тыс өткелі отырған Президент сайлауына белсене қатысуға шақырды.
Ал Жуалы ауданында Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына орай «Жастар мықты Қазақстан үшін!» атты жүгіруден жарыс өтті. Мұнда да шараға қатысушыларға ел болашағы дені сау ұрпақтың қолында екендігі айтылып, сайлауға қатысудың маңыздылығы түсіндірілді. Байзақ, Жуалы аудандары.
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




