«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

"Отелло"

"Отелло"
ашық дереккөз
"Отелло"
облыс сахнасында                    ҚЫРЫҚ ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ҚАУЫШУ Облыстық қазақ драма театрының р е п е ртуа р ы  т а ғ ы  б і р  к л а с с и ка л ы қ қойылыммен толықты. Бұл жолы қатардағы көп дүниелердің бірі емес, əлемге аты əйгілі трагедияның негізін қалап кеткен У. Шекспирдің «Отеллосы» жергілікті көрермендерге жол тартты. Ашығын айту керек, «Отелло» премьерасын өңіріміздегі қара шаңырақтан тамашалаймыз дегенде бəріміздің көңілімізде қызығушылықпен қатар «...қалай болады екен?» деген сұрақ та қылаң бергені жасырын емес. Өйткені, сонау он жетінші ғасырда өмірге келген «Отелло» осы күнге дейін əлем сахналарында жиі қойылып, зор сұранысқа ие болып отырған тағдырлы туынды десек, ағылшындардың өздері бұл трагедияны қимыл-қарекет дəлел-дəйегінің айқындығы, оқиғалардың бір желімен қарқынды дамуы, сюжет тұтастығы жағынан Шекспирдің ең озық шығармаларының бірі деп есептейтінінен де хабардармыз. Демек, «Отеллоны» сахнаға шығару қай театрға болмасын мақсатты жетістік əрі үлкен жүк артатын жауапты да сындарлы шақ десек қателеспейміз. Міне, осындай тарихи трагедияны сахналауға облыстық қазақ драма театры басшылығы тəуекел ете білді. Əлбетте, сексен жылдық тарихы бар қара шаңырақтың мұндай əлемдік классикаларға баруы да заңды десек, бұған дейін қырық жылдай бұрын əйгілі Шекспирдің «Отеллосы» облыстық қазақ драма театрының сахнасында қойылғанын ескермей өтуге болмас. Жарты ғасырға жуық уақыттан соң «Отелло» көне шаһарымыздың театрсүйер көрермендерімен қайта қауышып отыр. Театр залы атышулы трагедияның куəгері атануға асыққан үлкенді-кішілі көрермендерге лық толғанын көріп марқайып қалдық. Қонақтармен қатар əлемдік классиканы тамашалауға облыс əкімінің орынбасарлары да, сала басшылары да, зиялы қауым өкілдері де театрға бас сұққанын байқадық.                               ЯГО! Əлбетте, бұл трагедияны əр театр, əр режиссер, тіпті əр актер де өзінше интерпретациялауға асығады. Көбіне олар Отеллоны үлкен гуманист, тек Ягоның азғыруына алданған аңқау етіп сипаттаумен шектеліп, оның күнəсін ақтауға тырысса, кей режиссерлар оны мүлде зұлым, қылмыскер ретінде айыптауға асығады. Қалай болғанда да бұл туынды «Адам – Жаратқанның ұлы туындысы. Оны өмірінен айыруға ешкімнің де қақысы жоқ» деген қағидамен қабысып отыратыны сөзсіз. Олай дейтініміз, əр заманның өз Ягосы, Отеллосы, сондай-ақ, бейкүнə Дездемонасы да болады. Сол тұрғыдан алғанда туындының қай ғасырда, қай елде болмасын қоғаммен өзара үндестігі үзілген емес. Хош, сонымен оқиға желісіне ойысайық. Родриго сенатордың қызы Дездоманаға ессіз ғашық болады. Өкінішке қарай, бұл бар болғаны жауапсыз махаббат қана. Ал оның серігі Яго Отеллоның қызметшісі еді. Яго болса өзін ғалым математик Кассионың көмекшісі етіп тағайындағанына қатты ренжіп, Отелло мен Кассиодан өшін алуды көздейді. Екі дос Родригес пен Яго Брабанционы түнгі ұйқысынан оятып алып, Дездомананың Отелломен қашып кеткенін айтады. Аңғал əке қызын қара нəсілді маврға қимайды. Осы сəтте Яго Отеллоға жалған жағымпаздық танытып қайын атасының ашулы екенін айтуға асығады. Ал Мавр болса ешкімнен жасырынбайтынын, өз арының таза екендігін айғақтап, «Мен сіздің қызыңызды шын сүйдім, қажет болса, Дездомонаның сезімін де сөйлетіп өз құлағыңызбен тыңдаңыз», дейді батыл пішінмен, сүйгені үшін неден болса да тайынбайтынын байқатып. Брабанцио қызының да Отеллоға деген шынайы сезіміне көзі жетіп,  Дездемонаның айтқан сөзімен амалсыз келіседі. Оқиға желісі осылай таң-тамаша-ақ өрбіп келе жатқанымен бəріміздің ойымызда «ессіз ғашықтардың ертеңі қалай болады екен?..» деген сұрақ тұрғаны айқын еді. Неге десеңіз сахна өмірін қалтқысыз аңдап отырған көрермен Яго мен Родригестің екіжүзділігін бірден аңғарып үлгеріп, ендігі ғашықтарға қара бұлттың сол жақтан үйірілетінін іштей сезіп те қойған еді. Ел ішіндегі қалыпсыз жағдайды өз пайдасына асыруға тырысқан Яго жоспарларын анығында теріс пиғылдарын іске асыруғакіріседі. Ендігі оның көксегені көрерменге белгілі. Қос ғашықтың арасын ажыратып, құштар жүректерді қандай жолмен болса да бір-бірінен бөлу оның негізгі мақсатына айналды. Жəне сол жолда барын салды. Осы ретте Яго болып «өмір сүрген» театр актері Мəмбет Қожалиевтің актерлік болмысы барынша ашылғанын айрықша атап өтер едік. Адал, салмақты образдарды сомдап жүргендегі Мəмбетті бұл жолы тіпті басқа қырынан танығандай болдық. Ашығын айту керек, кез-келген спектакльдің бағамы тұтастай актерлік ансамбльдің бір ырғақта ойнай алғандығымен өлшенгенімен ансамбльді алға тартып тұратын жалғыз немесе екі образ болатыны анық. Бұл ретте де қойылымның шешуші екі образы болса, бірі – Яго да, екіншісі – Отелло екендігіне ешкім шəк келтіре алмас. Тіпті, бұл трагедия қай театрда сахналанар болса да осы екі кейіпкерді сомдайтын актерлерді табу оңайға соқпайды. Тапқанның өзінде шебер жеткізіп ойнау екінің біріне бұйырмайтын бақ. Содан да шығар, кейбіреулер «Яго мен Отеллоны ойнайтын актерлер əлемде саусақпен ғана санаулы» деп топшылап жататыны. Ал жергілікті актер Мəмбет Қожалиев өз Ягосын өмірге əкелді. Қазақта «шайтанның да шалбарын шешіп алған» деген əзəзіл-қуларды суреттейтін тіркес бар, сол тіркестің түп бейнесін Мəмбеттің Ягосынан көре білдік. Оның спектакль арқылы шығар биігі де сол болатын.                                 ОТЕЛЛО! Ал қара нəсілді ержүрек те аңғал Отеллоны сомдаған Мəлік Ақүрпеков те Ягомен бірге актерлік дуэтті нанымды жасай отырып, көрерменнің алғысын да, «қарғысын» да алды. Батыр аңғал келеді. Сол аңқаулықты жаужүрек Отеллодан көрдік. Ақымақ кейпіндегі ақылды адамды əлдекімдер академиялық кейіппен көрсеткені үшін жазғырар. Неге десеңіз, «Сізді адал көмекшілеріңіз Кассио мен Дездемона алдап жүр, екеуі сіздің көзіңізге шөп салуда» деп қисынсыз айғақтармен азғырған Ягоның сөзіне еріп, өзіне сеніп, артынан ілесіп келген адал да жанашыр жас ғашығын неке түні өз қолымен бақиға ұзатқанда оған қату қабақ танытқан көрермендер тіпті «қарғыс атсын сені» деп тілдеуге дейін барып жатты. Демек, артынша ақиқатына көз жетіп, құсалықтан өзіне қол жұмсаған Отеллоның образына көрерменін сендіре білген жергілікті актер да өз биігінен көріне білді деуге болады.                                ДЕЗДЕМОНА! Ал жас, ынтық жүректің иесі Дездемонаны ойнаған Перизат Рыспанбетованың студент екені, шеберлігі толыспағаны аңғарылып-ақ тұрды. Десек те, бұл рөлге студент қыздың бекер таңдалмағанын режиссердің айтуынан түсіндік. Дездемона – тау суындай таза, тұнық, сенгіш, бəрінің жайына алаңдайтын, бейкүнə қыз. Дездемонаның рөліне студенттерді тарту театрларда бар үрдіс. Күнəдан ада кейіпкер орнына тəжірибелі актрисаны қойып түк ұтпайсыз. Қайта жасандылық құрбаны болуыңыз мүмкін. Рөлді алып шығуда мін болмағанымен көз, бейне бəрінен хабар береді. Гриммен қанша құлпыртсаңыз да. Оның образын ашуға да дəл сондай əлі толыққанды есеймеген, балаң ойлы актриса керек. Ал Перизат сол тұрғыдан алғанда өзіне міндеттелген жауапкершілікті əдемі де əсерлі түрде алып шыққанын түсіндік. Осы орайда режиссер Асыл Құдайбергеновтің еңбегі еш кетпегенін көзіміз жетті. Қойылымның шарықтау шегінде де режиссер өз шешімін ұтымды шығарған. Кей те ат рларда сахналанғанда трагедияның соңында соншакүнəні арқалаған Яго тірі қалып жатса, бұл жерде құрбандықтың себепшісі де қазаға душар болады. Бұл ретте ақ пен қараның айқасы қаралардың жеңісімен аяқталғаны көрерменнің күрсінісіне сеп болары сөзсіз еді. Ал жазықсыз жапа шеккен Кассионың тірі қалғаны көңілімізге сəл де болса медеу болып, бəрібір «шындықтың шығары – шың» екенін іштей түйсіндік. Қанша қайғылы түрде аяқталса да қойылымның діттегені көрерменнің көңілінен шықты. Яки, шығармашылық топтың екі ай бойғы еңбегі текке кетпеген болды. Осы спектакль арқылы жергілікті көрермендер де өз Ягосы мен Оттеллосын тапты деп ойлаймыз. Бұл өңіріміздегі облыстық театрдың мəртебесі һəм үлкен жетістігі. Талайлардың таңдайын қақтырған «Отелло» енді біз үшін де алынған қамал десек қателеспейміз. Əлемдік деңгейдегі қойылымды төл актерлеріміз өз тілімізде, өз сахнамызда жоғары бағада ұсынса бұдан артық не деуге болады?! Декорациясы бай болмаса да сай болды. Қоюшы режиссердің, режиссердің ассистенті Гүлшат Қаршақова, қоюшы суретші Рахат Сапаралиева, музыкалық көркемдеуші Əбиірбек Тінəлілердің бір-бірімен ымдасып-ж ы м д а с ы п  ж ат қ а н  ж ұ м ы с т а р ы н ы ң н ə т и же с і н д е   ха л ы қ қ а   жол   т а рт қ а н спектакльде басқа да актерлердің еңбегін ескерусіз қалдыруға болмас. Əбиірбек Тінəлі классикаға классиканы дөп пайдаланғаны көңілге қонды. Моцарттың «Реквиемі» трагедия атаулының болмысын ашып, аза мен қазаны сезіндіретінін байқадық. Сондай-ақ, Брабанционы сомдаған Құрақ Оразбаев, Дожды ойнаған Жүніс Əлімбеков, Эмилияның рөліндегі Жадыра Құлтаева, басқа актерлердің де оқиғаның шынайы түрде өрбуіне сіңірген еңбектері орасан. Р.S. Бірді-бірге қабыстырып, өзінің мақсатына жету үшін өзгелерді құрбандыққа шалатын Яголар, Алатаудың аппақ қарындай таза, көздері қарақаттай жəудіреген Дездомоналар, бос сөздің жетегіне еріп, алданып жүрген аңқау патша Отеллолар, адалмын деп шарқ ұрып жүргенде, қараланып қалғанын байқамаған Кассиолар біздің де арамызда жүр. Бірақ бұл туындыны көріп отырып, Яго секілді пасық адамдардан жиренуге Дездемона секілді адал жандардың сөзін əрқашан тыңдауға, Отелло секілді қателікке бой ұрмауға тырысамыз. Эстетикалық сұлулықты тануға ұмтыламыз. Қоғамнан əділеттілікті іздейміз. Мұның өзі Шекспирдің трагедиясы беріп отырған тəрбиесі екені сөзсіз.

Жанғазы Ахмет, "Ақ жол".

Ұқсас жаңалықтар