Он жетісінде от кешкен

Он жетісінде от кешкен
ашық дереккөз
Он жетісінде от кешкен
Ұлы Отан соғысының ардагері Айманбетов Сейсенбай ақсақал ауылының қадірлі қариясы еді. Жаны таза, ешкімнен көмегін аямайтын, кісі көңілін қалдырмайтын, өте қарапайым әрі байсалды жан болған. Бүгінде, бақилық болған қарт майдангер туралы ауыл адамдарынан сұрай қалсаң, олар жарыса жауап қатып, «Ауылда бір жақсы адам болса, ол Сейсенбай көкем ғой», «Колхоздың қара нары еді ол кісі», «Ой, Сейсенбай көкем небәрі он жеті жасында-ақ өзі сұранып, майданға аттанған ғой» деген лебіздерді естисің. Сол тұстағы Халықаралық жағдайдың ушығуына байланысты әскер қатарына алынып, 1939 жылдан елдің батыс шекарасында әскери борышын өтеп жүрген ағасы Әбдіжапаш Айманбетовтен соғыстың алғашқы кезеңінде-ақ «қара қағаз» келеді. Бұл «қара қағаз» майданнан Қоңыртөбе ауылына жаманатты жеткізген алғашқы қайғылы хабар еді. Ол кезде Сейсенбай Айманбетовтің жасы әлі 16-ға тола қоймаған екен. Соғыс басталған күннен ауылдағы ел-жұрттың еңсесі түседі. Ер-азаматтардың соғысқа жарайтынының бәрі әскер қатарына алына бастайды. Сейсенбайдың да алты бірдей немере ағасы: Қалымбетов Бурабай, Келімбетов Құдайқұл, Келімбетов Әбіш, Нарымбетов Бейсенбай, Әжімбетов Сансызбай, Әжімбетов Бейсеу алғашқы лекпен майданға аттанады. Жасөспірім жігіттің ішінен не ойлап жүргенін кім білсін, бір күні жеңгесі Қатшакүлге келіп: «Жеңеше ана құрсағыңдағы бала ұл болса да, қыз болса да шешеме бер, ол жалғыз қалмасын» депті.(Жеңгесі қайнысының айтқанын істеп дүниеге келген қыз баласын Сейсенбай ақсақалдың анасы Қалампыр апаға берген екен). Он жетісінде от кешкен.... Ұлы Отан соғысының ардагері Айманбетов Сейсенбай ақсақал ауылының қадірлі қариясы еді. Жаны таза, ешкімнен көмегін аямайтын, кісі көңілін қалдырмайтын, өте қарапайым әрі байсалды жан болған. Бүгінде, бақилық болған қарт майдангер туралы ауыл адамдарынан сұрай қалсаң, олар жарыса жауап қатып «Ауылда бір жақсы адам болса, ол Сейсенбай көкем ғой», «Колхоздың қара нары еді ол кісі», «Ой, Сейсенбай көкем небәрі он жеті жасында-ақ өзі сұранып, майданға аттанған ғой» деген лебіздерді естисің. ... Халықаралық жағдайдың ушығуына байланысты Кеңес Үкіметі жариялаған алғашқы жаппай «мобилизацияның» барысында әскер қатарына алынып, 1939 жылдан елдің батыс шекарасында әскери борышын өтеп жүрген ағасы Әбдіжапаш Айманбетовтен соғыстың алғашқы кезеңінде-ақ «қара қағаз» келеді. Бұл «қара қағаз» майданнан Қоңыртөбе ауылына жаманатты жеткізген алғашқы қайғылы хабар еді. Ол кезде Сейсенбай Айманбетовтің жасы әлі 16-ға еркін тола қоймаған екен. Соғыс басталған күннен ауылдағы ел-жұрттың еңсесі түседі. Ер-азаматтардың соғысқа жарайтынының бәрі әскер қатарына алына бастайды. Сейсенбайдың да алты бірдей немере ағасы: Қалымбетов Бурабай, Келімбетов Құдайқұл, Келімбетов Әбіш, Нарымбетов Бейсенбай, Әжімбетов Сансызбай, Әжімбетов Бейсеу алғашқы лекпен майданға аттанады. Жасөспірім жігіттің ішінен не ойлап жүргенін кім білсін, бір күні жеңгесі Қатшакүлге келіп: «Жеңеше ана құрсағыңдағы бала ұл болса да, қыз болса да шешеме бер, ол жалғыз қалмасын» депті.( Жеңгесі қайнысының айтқанын істеп дүниеге келген қыз баласын Сейсенбай ақсақалдың анасы Қалампыр апаға берген екен).

Он жетісінде от кешкен.... Ұлы Отан соғысының ардагері Айманбетов Сейсенбай ақсақал ауылының Үлкен ұлынан айырылып, қара жамылған ата-анасының ендігі үміт артар ұлы Сейсенбай болатын. Бірақ, ол фашистердің қолынан мерт болған ағасы үшін жаудан кек алуға бел байлайды. Ата-анасына айтпастан, жасын асырып көрсетіп, Жамбыл аудандық соғыс комиссариатынан майданға жіберуін сұранып, өтініш жазады. Аудандық комиссариат оның бұл тілегін қанағаттандырып, Сейсенбайды Ташкент қаласындағы әскери училищеге жібереді. Арада өткен бір жылдан кейін әскери училищені үздік бітірген курсант Москва түбіндегі Орехово-Зуево қаласында үш ай бойы арнайы дайындықтан өтеді. Майдандағы алғашқы қадамын 1942 жылы Үшінші Беларусь майданының 62- армиясы, 104-полкінің құрамында Могилев қаласы үшін болған шайқастан бастайды. Содан кейін Смоленск, Минск, Вильнюс, Варшава қалалары үшін болған ауыр ұрыс қимылдарында шыңдалады. Взвод командирі дәрежесінде Сейсенбай Айманбетов Латвияны, Польшаны, Шығыс Пруссияны неміс фашистерінен азат етуге қатысады. Қасиетті Жамбыл жерінің тумасы Сейсенбай Айманбетов 1945 жылдың көктемінде Берлинге 60 шақырым қалғанда, Голден қаласы үшін болған кескілескен шайқаста үшінші рет ауыр жараланады. Қарсы алдынан атылған оқ сол жақ кеудесін тесіп, жауырын сүйегін жарып сыртқа шығып кетіпті. Әскери дәрігерлер өлімше болып жараланып, ессіз-түссіз жатқан солдатты санитарлық эшелонмен Қазан қаласындағы госпитальға жөнелтеді. Онда жас офицер 6 ай бойы кешенді емдеуден өтеді. Ем ала жүріп, Қазан қаласындағы Қиыр шығыс майданына жөнелту үшін арнайы дайындықтан өткізіліп жатқан әскер қатарына жаңадан алынған жауынгерлерді мергендікке баулиды. Фашистік Германияның Шығыстағы одақтасы милитаристік Жапонияның Қытай елі аумағындағы Квантун армиясы толық талқандалып, Жапон үкіметі жеңілгендігін мойындаған соң, 1945 жылдың қараша айында әскер қатарынан босанып, елге оралады. Жаратылысынан көп сөйлемейтін, мақтангершілікті жаны сүймейтін Сейсенбай ақсақал соғыс туралы әңгіме айтуды ұнатпайтын. Арнайы кездесуге шақырып, қолқа салып, соғыс туралы сұраған жастарға: «Шырақтарым соғыстың ауыртпалығы ешкімге де оңай тиген жоқ, жеңіс қиындықпен келді. Бізді қару-жарақ, оқ-дәрі, тамақ, киім-кешекпен қамтамасыз еткен тылдағы халықтың жанқиярлық еңбегінің арқасында біз неміс фашистерін жеңе алдық. Сондықтан, жеңіс бәрімізге де ортақ. Ал өзіме тоқталсақ, от пен өрттің ортасында өткен сұрапыл соғыс жылдарында Ресейдің Могилев қаласынан Германияның астанасы Берлинге жаяу соғысып жеттім. Жалпы, бас қолбасшы И.В. Сталиннің бұйрығы бойынша үшінші рет жараланғандар елге қайтарылатын. Мен үшінші рет ауыр жараландым. Әйтпесе, Берлинді алуға қатысатын едім», — деп қысқа ғана қайырып, іркіліп қалатын. «Құралайды көзінен ататын» мерген Сейсенбай Айманбетовтың ерлік істері жайлы өзі айтпаса да, кеудесіне таққан ордендері мен медальдары сыр шертіп тұрғандай көрінетін. Алған марапаттары мен оны куәландыратын құжаттары Ұлы Отан соғысы ардагерінің он сегізге толған жылы ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен, кейін І дәрежелі Отан соғысы ордені, ІІ дәрежелі Даңқ ордені және «Ерлігі үшін», «Соғыста сіңірген еңбегі үшін», «Ұлы Отан соғысының Германияны жеңгені үшін» және басқа да бірнеше медальдардың иегері екендігін айғақтайды . Сейсенбай ақсақал 1945 жылы Қазан қаласындағы госпитальда емделіп жатқанында, майданнан елге қайтқан қарулас достары «Сені Голден шайқасында ерлік көрсеткенің үшін І дәрежелі Даңқ орденіне ұсынды» деп жазған екен. Әйтсе де, ол орден Сейсенбай ақсақалды іздеп таппапты. Жеңістің отыз жылдық мерекесі қарсаңында балалары сол орденге іздеу салмақ болған көрінеді. Бірақ, Сейсенбай ақсақал: «Жеңістің қуанышымен ол ұсыныс бір жерде ұмытылып кеткен ғой. Мен тұрмақ нағыз батыр Рахымжан Қошқарбаевқа да Кеңес Одағының Батыры атағы берілген жоқ. Іздемей-ақ қойыңдар. Аман келгеніме Аллаға шүкіршілік айтамын», — деп оларға тоқтам салыпты. Сонда да болса, ауылдастары Сейсенбай Айманбетов ақсақалды «батырымыз» деп төбелеріне көтеріп келген. ...1995 жылы Ұлы Жеңістің 50 жылдық мерекесі қарасаңында Шайқорық орта мектебінің жоғары сынып оқушылары Сейсенбай ақсақалды кездесуге шақырды. Іс-шара әдеттегідей гүл шоқтарын сыйлау, соғыс туралы әңгімелесу, сұрақ-жауап тұрғысында өтіп жатты. Сонда 11 «А» сынып оқушысы Ғалым Қуандықовтың «Сейсенбай ата, біз қазір он жетідеміз. Ал сіз біздің осы жасымызда оқтың өтінде жүріпсіз. Өмірмен іштей қоштасқан кездеріңіз болды ма?» деген сұрақ қойғаны есімде. Ардагер сәл ғана жымиды да «Соғыс дегенің өмір мен өлімнің арпалысы ғой. Бірақ, оған да етің үйренеді екен. Содан да болар, еш уақытта да өлім туралы ойлаған емеспін. Жалпы, өзім қатысқан ұрыс қимылдарында үш рет жараландым. Соның үшеуінде де майдандастарым мені ұрыстан аман алып шығып, госпитальға тапсырды. Әйтеуір, бір сәттілік мені өлімнен арашалап қалатын. Ал сендерге Ғалымның қойған сұрағына байланысты майдан даласында көңілімді өкініштің билеуіне түрткі болған бір оқиғаны айтып берейін», деді. ...1943 жылдың күзі. Күн суық. Армия қолбасшылығы тарапынан өзге құрамалардың сапында біздің бөлімге де немістерге білдірмей Днепр өзенінен өтуге бұйрық берілген. Соған орай бәріміз жұмылып орманнан ағаш кесіп, сал жасадық. Барлық әскери техника мен жаяу әскер осы салдарға тиеліп, өзенді кесіп өтетін болды. Сол уақыттағы соғыс тактикасына сай, немістердің назарын басқа жаққа аудару үшін өзеннің бізден бірнеше километр жоғары сағасында біраз әскери бөлімдер өзеннен өтуге немістерден жасырынбай дайындалған. Сол тұсқа негізгі күшін топтастырған немістер оларды өзеннің ортасынан асырмай тып-типыл етіп жойып тастады. Түн ішінде бізге де бұйрық берілген. Алдымен алдын ала буылып әзірленген салдарға ауыр артиллерия және басқа да әскери техникалар тиелді. Жаяу әскерге содан кейін кезек келді. Біз өзеннің орта шеніне жақындап қалғанда немістер біліп қалып, артиллериядан оқ жаудырмасы бар ма. Артынша, өзеннің үстінде жау ұшақтары қарақұрымдай қаптап, айналаның қою түнек қараңғы екендігіне қарамай, өзеннің үстін бомбалай бастады. Аласапыран басталды да кетті. Аспаннан снарядтар мен ауыр бомбалар қарша жауды. Менің взводым отырған сал шеткерілеу жүзіп бара жатыр еді. Жақындау жерге түскен бомба жарылғанда, оның дүмпуімен тау-тау толқындар көтеріліп, салымыздың аударылып кеткені. Бәріміз де суға тұншықтық. Су бетіне әрең көтеріліп, көмек сұрап айқайласам, ешкім де жауап бермейді. Тас қараңғы. Ештеңе көрмеймін. Бар күшімді салып жағаға қарай малтып бара жатқанымда, бір үстем күш мені төменге тартып әкеткені. Табиғаттың дүлей қуатының зұлымдығын сонда көрдім. Әлгі алапат күш мені шыркөбелек айналдырып, төмен қарай қайта-қайта жұлқа тартып, иірімнен шыға алмай әбден арпалыстым, күшім таусылды. Қатты діңкелеп, амалым таусылған сәтте ата-анаммен қоштаспай майданға аттанып кеткеніме өкіндім. Әйтсе де, көрер жарығым бар екен, тіршіліктен күдер үзген шағымда, әлгі мені титықтатқан дүлей күш мені иірімнің құрсауынан өзі итеріп шығарып жібергені. Шалажансар күйі, суға бір батып, бір шығып ағып бара жатқанымда, қолым ағып бара жатқан бөренеге ілікті. Алланың қолдағаны шығар. Бір қолыммен бөренеден ұстап, екінші қолыммен есіп жағаға жеттім. Сол арада өліп жатқан неміс солдатының құрғақ киімін ауыстырып киіп, таңға жуық өз полкыма қосылдым. Біздің армия қайта шабуылға шықты. Осы шайқаста біз фашистерді Днепрдің батыс жағалауынан бірнеше километрге қуып тастадық. Суға кетіп мерт болған взводымдағы майдандастарым күні бүгінге дейін есімде. Сол ұрыста мен тағы жараландым. Оң аяғымның сан етін снарядтың сынығы жұлып кетті. Госпитальда жатып аз уақыт емделіп, қайта қатарға қосылдым. Сендерге айтар тілегім, еш уақытта да соғыс зұлматы бастарыңа түспесін. Бақытты өмір сүріңдер. Заман жақсарып келеді. Болашақтарың жарқын болсын. Отаныңның, бейбітшіліктің, ата-аналарыңның қадірін біліңдер... Жалпы, соғыстан кейін Сейсенбай ақсақал қырық жылдан астам уақыт өзінің туып өскен ауылы «Бесжылдық» колхозында еңбек еткен. Ауылының игілігі үшін өз еңбегін аямаған ақсақал, зейнетке шыққанша жыл сайынғы еңбек демалыстарын, я әр аптада бір келетін демалыс күндерін де жеке мүддесіне пайдаланбаған екен. Зейнетке шыққаннан соң да колхоз басшылары ол кісіні жұмыстан босата қоймаған. Өйткені, Сейсенбай ақсақал ауылдағы техника тілін жетік білетін кәсіби даярлығы жоғары маман болатын. Колхозға бөлшек түрінде зауыттардан әкелінетін комбайын және басқа да агрегаттарды құрастыратын, тұрып қалған техниканың ақауын тауып, жөндейтін де осы кісі еді. Сондықтан қария қашан денсаулығы сыр бергенше колхоз жұмысынан қол үзбепті. Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагері тірі болғанда биыл 90-ға толатын еді. Өкінішке қарай, Сейсенбай ақсақал да, өмірлік жары Шаһарбану апа да дүниеден өткен. Өмірдің заңы солай. Сейсенбай ақсақалдың өмірін ілгері жалғастырған Бақыткүл атты қызы, Ерлан, Әнуар атты ұлдары және тоғыз немересі, сегіз шөбересі бүгінде абзал жандарды қимастықпен еске алып, құран бағыштап отырады.

Айша Садыр.  Бесжылдық ауылы, Жамбыл ауданы.

Ұқсас жаңалықтар