Бұрымдылар бұрынғылардың ізін жалғады
Арайлым Шегенова самбодан ел чемпионы атанды Самбо күресі түрлері бойынша ел чемпионаты Тараз төрінде өтті. Төрт жүзге жуық спортшы қатысқан біріншілік тартысқа толы болды. Еліміздің кіл мықтылары қатысқан додада жерлестеріміз жақсы нәтижелерімен көзге түсті. Әскери самбодан екі бірдей оғланымыз күміс медальмен күптелді. 62 келідегі Нұржан Әшір мен 57 келідегі Самат Асаубек ақтық сынға дейін сүрінбей жеткенімен, қарсыластарына есе жіберіп алды. Әскери самбодан облыстың командасы үздік үштікке ене алмағанымен, жақсы нәтиже көрсеткені айқын.
Ерлер арасында 68 келі салмақтағы Руслан Жалғасбаев, 82 келідегі Шыңғыс Жақып, 90 келідегі Аманғали Жартыбаев екінші орынға ие болса, 90 келіде тағы бір оғланымыз Нұрсұлтан Төрен қола медальді еншіледі.
Әйелдер арасында 80 келіден жоғары салмақтағы Арайлым Шегеноваға қарсылас шақ келген жоқ. Қарсы келгенді алып ұрған Шегенова ел чемпионы атанды. 48 келідегі Азинат Хажу, 80 келідегі Айтолқын Смағанбетова екінші орыннан көрінсе, 52 келідегі Жансая Жасұзақова үшінші орынға тұрақтады. Жалпы есепте әйелдер құрамасы топ жарғанын да айта кету керек.
Табиғат Абаилдаев, "Ақ жол".
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




