Футболдан Қазақстан премьер-лигасының үшінші туры аясында еліміздің бірнеше дүркін чемпиондары «Ақтөбе» футбол клубын қабылдаған «Тараз» командасы қарсыластарына есе жіберіп алды. Алғашқы екі турда жеңіске жете алмаған «Ақтөбе» бар ашуын «Тараздан» қайтарды. Ойынның 32-минутында ел чемпионатына оралған Сергей Хижниченко Александр Григоренко қорғаған қақпадан саңылау тапты. Эдуард Сергиенко бастаған жерлестеріміз ойынның қалған бөлігінде бірнеше өткір шабуыл жасағанымен таразы басын теңестіре алған жоқ. Үш турдан кейін жалқы ұпайды иеленген жерлестеріміз көш соңындағы командалардың қатарында тұр. Үшінші турда «Шахтерді» 2:1 есебімен жеңген «Астана» жеке дара топ бастады. Алматының «Қайраты» екінші орынға орналасса, Шымкенттің «Ордабасы» командасы үздік үштікті түйіндеп тұр әзірге. Енді «Тараз» футболшылары үшін қамшы басар кез келді...
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Милан-2026: қысқы Олимпиадада Қазақстан намысын кімдер қорғайды?
- 22 қаңтар, 2026
«Тараз» келер жылы премьер-лигада ойын көрсете ала ма?
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




