Болашақтың киімі «Автономды жылыту» жүйесімен қамтамасыз етіледі
- author «Ақ жол»
- 16 наурыз, 2015
- 375
Калифорниядағы Стэндфорд университетінің жетекші ғалымы Йи Цуй киімге арналған наноөткізу құрылғысы бар жабынды ойлап тапқанын мәлімдеді. Ол жылуды тудырып қана қоймай, сонымен қатар, адам денесінен бөлінген жылуды сақтап қалуға көмектеседі. Жаңа материалдың әдеттегі киімге қарағандағы тиімділігі сонда, ондағы технология сыртқы жылуға деген адамның тәуелділігін азайтады екен. Нақтырақ айтқанда, ғалымдар жеңіл әрі ауа өткізетін материал жасады. Нанометрлік диаметр өткізу сымдары бар киім әдетте тігін бұйымдарында пайдаланылатын материалдарға қарағанда жылуды әлдеқайда тиімді сақтайды. Зерттеушілердің сөзіне қарағанда, оның термоматасы жылына бір адам үшін сағатына шамамен 1000 киловатт энергияны үнемдеуге мүмкіндік береді. Сөз орайы келіп тұрғанда айта кету керек, ғалымдардың есептеуінше, әлем бойынша энергия тұтынудың жартысы ғимараттар мен үй-жайларды жылытуға жұмсалады екен.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Жамбылда заңсыз берілген жер учаскелері қайтарылды
- 25 желтоқсан, 2024
Жамбыл облысы: гранттар арқылы оң өзгерістер жасаудың жаңа мүмкіндіктері
- 25 желтоқсан, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді