Қытайдағы Хынан қаласының тұрғыны Ху Джуанның жасы небәрі 28-де, алайда ол қазір 70 жастағы кемпір тәріздес. Жас әйелдің өмірі босанғаннан кейін күрт өзгеріске ұшырады. Ху жыл сайын емес, сағат сайын қартая бастады. Бірнеше айдан кейін ол адам танымастай болып өзгеріп кеткен. Анықтай келе, ол сирек кездесетін дерматолиз деген ауруға шалдыққаны белгілі болды. Бұл жағдайда адам терісінің дәнекерлегіш тіндері бұзылады. Сондықтан да тері солып, қартаю процесі жүреді. Ху баласын 2003 жылы дүниеге әкелген, енді содан бері әйел сыртқа шығудан қалды. Ол екінші баланы дүниеге әкелсе, тері қалпына келер деп ойлаған. Алайда қартаю процесі тоқтар емес. Енді Ху күйеуінің кеңесімен бетіне пластикалық операция жасатуға бел буды, деп жазады шетелдік БАҚ.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




