Швейцарияның Берн қаласындағы жоғары оқу орнының ғалымдары зақымдалған жасушаларды белсендіру арқылы тірі ағзаның өмір сүру ұзақтығын арттыратын тың тәсілді ойлап тапты. Бұл жайында Ұлыбританияның Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты. Ғалымдар жеміс шыбынына тәжірибе жасап, оның өмірін бір жарым есеге ұзартты. Жеміс шыбынының ағзасына ahuizotl деп аталатын геннің қосымша көшірмесін енгізген болатын. Нәтижесінде жәндіктің зақымдалған және ауру жасушалары белсенділік танытып, өмір сүру ұзақтығы 50-60 пайызға артқан. Тәжірибеге жетекшілік еткен жасуша биологиясының маманы Эдуард Мореноның айтуынша, ауру жасушаларды жою және сау жасушаларды сақтау – стратегиялық мәселе. Егер бұл «жастық эликсирі» адам ағзасына енгізілетін болса, оның өмір сүру ұзақтығы кем дегенде 120 жас немесе одан да көп болар еді. Алайда, бұл межеге әлі алыс, өйткені, тәжірибе тек жәндікке қана қолданылды.
Ұқсас жаңалықтар
Халықаралық жастар фестиваліне өтінім қабылдау басталды
- 22 сәуір, 2025
Тоқаев Астана қаласындағы «Жастар» саябағында ағаш екті
- 21 сәуір, 2025
Ақпарат
Тоқаев Ассамблея отырысында тіл мәселесін қозғады
- 24 сәуір, 2025
Ақсақалдар тағылымы – адам қоғамның кепілі
- 18 сәуір, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді