Мемлекеттік кірістер органдарының тұңғыш спартакиадасы Тараз төрінде өтті. «Тараз-Арена» спорт кешенінде өткен дода Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мен Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына және сала мамандарының мерейлі күні аясында ұйымдастырылды. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков спартакиаданың ашылу рәсімінде құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілесе, облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Асқар Тынысбеков те ақ тілегін жолдады. Спартакиадаға қатысқан 6 команда мен 280 спортшы шахмат, қазақ күресі сынды спорттың бірнеше түрі бойынша бақ сынасты. Айтулы аламан барысында шоу бағдарламалар да назарға ұсынылды. Спорттың әр түрі бойынша жүлдегерлерге сыйлықтар табысталды. Жан-жақты қолдаумен өткен шара көпшіліктің қызығушылығын тудырды.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Милан-2026: қысқы Олимпиадада Қазақстан намысын кімдер қорғайды?
- 22 қаңтар, 2026
«Тараз» келер жылы премьер-лигада ойын көрсете ала ма?
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




