Футболдан Қазақстан премьер-лигасының жаңа маусымы басталды. Маусымның шымылдық түрер ойынында өз алаңында қарағандылық «Шахтерді» қабылдаған «Тараз» футбол клубы қарсыластарымен ұпай бөлісті.
Бірінші тур болған соң қос команда да ойын барысында өздерінің бар мүмкіндіктерін көрсете алған жоқ. Дегенмен, «Тараз» сапындағы украиналық легионер Александр Пищур айып алаңына әуелете асырған Тимур Досмағамбетовтің пасын кәдесіне жарата алмады. Оң жақ бұрышқа допты шегелеп бағыттауын бағыттады. Алайда, кеншілердің қақпашысы Александр Заруцкий теңбіл допты саусағының ұшымен қайтарып үлгерді. Өз кезегінде кеншілердің шабуылшысы Андрей Финонченко да ұрымтал тұста мүлт кетті. Қақпашы Александр Григоренко допты қақшып ұстап алды. Екінші кезеңде «Тараз» футболшыларында екі бірдей тамаша мүмкіндік болғанымен, ойында есеп ашылған жоқ. Қос команда таблодағы көрсеткішті өзгерте алмады. Бірінші турдан кейін «Қайрат» доп айырмасымен көш тізгінін қолға алды. Олар қостанайлық «Тобылды» 4:0 есебімен ойсырата ұтты. Алматылықтардың сапында Жерер Гоу хет трик авторы атанды.
Бет қатталып жатқанда: Екінші тур аясында сырт алаңда «Атыраумен» кездескен «Тараз» футбол клубы қарсыластарына 2:1 есебімен есе жіберді.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Спорт кешені пайдалануға берілді
- 21 қараша, 2024
Әлемнің жүйріктері Әулиеатада бақ сынасты
- 12 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді