"Астана арландары" Венесуэла боксшыларын түзде де ұтты

"Астана арландары" Венесуэла боксшыларын түзде де ұтты
ашық дереккөз
"Астана арландары" Венесуэла боксшыларын түзде де ұтты

WSB жобасындағы сегізінші кездесуін Венесуэла астанасы Каракаста өткізген "Астана арландары" жергілікті "Caciques Venezuela" клубынан 3:2 есебімен басым түсті, деп жазады "Алаш айнасы".

Шаршы алаңға әуелі Олжас Сәттібаев шығып, «Арландарды» алға шығарды. Шапшаң қимылдап, басымдық танытты.

Өкінішке қарай, Зәкір Сафиуллин тең дәрежеде өткен жекпе-жекте ұтылып қалды. Ол түсінікті де, түзде қарсыласыңды айқын басымдықпен ұтпасаң, жеңіске жетуің екіталай...

Бұдан кейін шаршы алаңға хорват қыраны Хрвое Сеп шығып, шиеленісті өткен айқаста табандылық және төзімділік танытып, Қазақстан клубын қайтадан алға шығарды.

Алайда Асланбек Шымбергенов тәжірибелі қарсыласынан ұтылып қалды. Төрешілер бес раундта да жеңісті "Caciques Venezuela" клубының боксшысына берді.

Есеп тепе-тең болып, "теңселіп" тұрғанда, рингке Филипп Хргович шығып, қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірді. Сөйтіп, қарымды хорват қыраны осы кездесуді күмәнсіз жеңіспен түйіндеді.

Естеріңізге сала кетейік, бұл екі команда арасындағы бірінші кездесу Алматыда өтіп, онда «Арландар» 5:0 есебімен үстемдік танытқан болатын.

"Caciques Venezuela" – "Astana Arlans" – 2:3

52 келі: Карлос Осканио Перес – Олжас Сәттібаев – 0:3 (46:49, 45:50, 46:49)

60 келі: Макайо Лейва – Зәкір Сафиуллин – 2:1

69 келі: Маэстре Перес Габриэль – Асланбек Шымбергенов – 3:0 (50:44, 50:44, 50:45)

81 келі: Рамирес Дюран Альберт Рамон – Хрвое Сеп – 1:2 (47:48, 47:48, 48:47)

+91 келі: Эдгар Мунос – Филипп Хргович – TKO (R2, 2:11)

ақпарат көзі alashainasy.kz

 Автор: Нұрғазы Сасаев

Ұқсас жаңалықтар