«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Ғылыми зерттеулер ел игілігі үшін

Ғылыми зерттеулер ел игілігі үшін
ашық дереккөз
Ғылыми зерттеулер ел игілігі үшін
Елбасы «Назарбаев Университет» Автономды білім беру ұйымының зерттеу орталықтары мен «NURIS» пилоттық технопаркін аралап көрді. Нысанды аралау барысында Мемлекет басшысы елеулі жетістіктермен және университетте жүзеге асырылып жатқан ғылыми-инновациялық қызметтің нәтижелерімен танысты. Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаевқа геномдық зертхана және персоналды медицина жұмысы көрсетілді. Қазақстан Президенті сондай-ақ, биосенсорлар мен биоқұралдар, ағысты цитометриялар, иммунобиология және микроскопия зертханаларын аралап көрді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы «NURIS» технопаркінде университеттің оқытушылары мен студенттері әзірлеген жоғары технологиялы жобаларымен танысты. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев ғылыми қызметкерлердің атқарған жұмысына жоғары баға берді. Қазақстан Президенті сондай-ақ, «NURIS» және Өмір туралы ғылымдар орталығы ғалымдарының ғылыми зерттеулерінің нәтижелері еліміздің игілігіне, оның дамуы мен халқын сауықтыру үшін тиімді пайдаланылуы тиіс екенін атап өтті. Бүгінде Назарбаев Университетінде оқу орнының академиялық бөлігін, ғылыми орталықтарды және NURIS ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру жүйесін біріктіретін зияткерлік-инновациялық кластер жүзеге асырылуда. Университет базасында үш ғылыми орталық құрылған: Энергетикалық зерттеулер орталығы, Пәнаралық орталық және Өмір туралы ғылымдар орталығы, оларда мектеп профессорлары және 160-тан астам ғылыми қызметкерлер жұмыс істейді. Олардың көпшілігі шетелдік үздік университеттерде білім алған. Арасында халықаралық деңгейдегі жетекші ғалымдар мен шетелдерден оралған қазақстандық зерттеушілер де бар. Ғылыми орталықтарда энергетика, машина жасау, шикізатты терең өңдеу, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, өмір туралы ғылым сияқты ел үшін басымдығы бар бағыттар бойынша зерттеулер жүргізіледі. Мәселен, болашақтың энергиясын дамыту жобалары үшін әлемге әйгілі ғалым-астрофизик, космолог, Нобель сыйлығының лауреаты Д.Смутты шақырылған. Университеттің ғылыми орталықтары өз бағдарламаларын АҚШ-тың, Еуропаның, Жапонияның танымал ғылыми-зерттеу орталықтарымен ынтымақтастықта жүзеге асырады. Университетте барлығы 170 ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар іске асырылуда, оларға студенттер де белсене қатысады.

Ұқсас жаңалықтар