Салауатты өмір салтын насихаттау, облыс, қала тұрғындарын бұқаралық спортпен шұғылдануға тарту мақсатында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бастауымен, облыс әкімдігінің қолдауымен аула клубтары арасында ұмытылып кеткен аула ойындарын қайта жандандыру қолға алынды. Қазіргі таңда облыс көлемінде іс-шаралар өткізу жобасы бекітілуде. Бүгінгі күні тұрғындар арасында ұмытылып кеткен қалашық (городки) және ләңгі ойындарын өткізу жоспарлануда. Аталған жарыс аула командалары арасында 3 кезең бойынша өтеді:
I кезең – іріктеу (аула, көше командалары жеңімпаздарын анықтау) мерзімі – 1-20 наурыз.
II кезең – аудандық, қалалық (аудан, қала көлемінде жеңімпаздарды анықтау) мерзімі – 20 наурыз-15 сәуір аралығы.
III кезең – ақтық сын (облыс көлемінде жеңімпаздарды анықтау) мерзімі – 20-30 сәуір.
Аталған жарыстардың (қалашық, ләңгі) өткізу Ережесі бекітілді.
Аула ойындарында 3 командаға бөлініп ойнайды. Команда төменде көрсетілген жас аралығында ойын көрсетеді:
1-жас ерекшелігі: жасөспірімдер (10-14 жас),
2-жас ерекшелігі: жасөспірімдер (14-18 жас),
3-жас ерекшелігі: жастар (18 жастан жоғары).
Облыстық аула ойындарын облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы және облыстық жастар орталығы ұйымдастырады. Қазір алғашқы кезең басталып та кетті.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




