Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Суперкубогы матчын көруге келді
- author «Ақ жол»
- 2 наурыз, 2015
- 759
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Астана" және "Қайрат" командалары арасындағы ел Суперкубогына арналған матчты тамашалап отыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Футбол кездесуі "Астана Арена" стадионында өтіп жатыр. Негізгі ойыннан кейін есеп ашылған жоқ - 0:0. Порталдың мәліметінше, екі команда да бір-бірінің қақпасына гол салу мүмкіндігіне бірнеше рет ие болды, бірақ ол іске аспады.
Ойынды "Хабар" телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатыр. Матч Астана уақыты бойынша сағат 16.00-де басталды. Кездесуге әлемнің ең бай арбитрі Йонас Эрикссон бастаған швед бригадасы төрелік етіп жатыр. Эрикссон Бразилиядағы әлем чемпионаты матчтарына, 2012 жылғы Еуропа чемпионаты ойындарына, басқа да халықаралық ойындарға бас төреші болған.
Айта кетейік, "Астана" футбол клубы - Қазақстанның 2014 жылғы чемпионы, ал "Қайрат" - ел чемпионатының қола жүлдегері, Қазақстан Кубогының иегері.
ақпарат көзі tengrinews.kz
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




