– Қазақстан халқы Ассамблеясы – ол әрі іргетас, әрі бейбітшілік, рухани келісім мәдениетінің негізгі қағидаты. – «Бір халық» – бұл барлығымыз үшін ортақ ұлттық мүдделер. «Бір ел» – бұл барлығымыз үшін ортақ Отан. «Бір тағдыр» – бұл біз бірге жүріп өткен қиындықтар мен жеңістер! Бұл – біздің ортақ келешегіміз – игілікті және өсіп-өркендеген Қазақстан!»
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті.Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын да алғаш рет Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 1992 жылдың желтоқсанында өткізілген Қазақстан халқының бірінші форумында айтқан болатын. 1995 жылдың 1 наурызында тәуелсіз еліміздің тарихында «Қазақстан халқының Ассамблеясы» атты жаңа институт пайда болды. Қазақстан Республикасының Президенті жанынан консультативті-кеңестік орган ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Елімізде сан түрлі ұлттың бір ұлттық мүдде, ортақ Отан, бір мақсат жолында өмір кешіп жатқанына 23 жыл. Қазақстан – жүз отыздан астам ұлтты бір шаңырақ астында біріктіріп, татулықта өмір сүріп отырған мемлекеттердің бірі. «Татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде ең алдымен қазаққа керек. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес», – деді ХХ сессияда Елбасы Н.Ә.Назарбаев. Мемлекет басшысының 2014 жылдың 29 тамыздағы Жарлығымен 2015 жыл Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланды. Татулық, бірлік, келісім – ең асыл іс кез-келген ел үшін. Қазақстан азаттық алғалы бері осы ұранды ту етіп келеді. Ассамблея дербес қоғамдық институт болып құрылғанына 20 жыл толды. Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық тойы республикалық деңгейде мерекеленеді. Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа арнаған Жолдауында «Ассамблея құрылуының 20 жылдығын атап өту арқылы біз қазақстандықтардың рухани күш-қуатын арттыруымыз және толеранттылығын еселеуіміз керек. Сондықтан да, біз Қазақстан халқын ең үздік және мәңгілік құндылықтар – ел игілігі жолында ынта мен жігерді, еңбекқорлықты және мақсаткерлікті арттыруға шақырамыз. Этносаралық келісім – ол өміршеңдік оттегісі» деп ерекше атап өтті. Тәуелсіз еліміз дамуының ұзақмерзімдік «Қазақстан-2050» Стратегиясы «Қазақстан-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деп аталатын маңызы орасан зор құжатты халық назарына ұсынып, алда атқарылатын ауқымды да асқаралы міндеттерді белгілеуі болды. Міне, сондықтан да Қазақстан халқы Ассамблеясы осы құжаттың мәдениет, бейбітшілік, руханият және келісім мәселелерін талқылауға арналуы тегіннен-тегін емес. Себебі, Елбасы айтқандай, Тәуелсіз Қазақ елінде бәрі бар. Тек қана көп ұлтты ұлттар мен ұлыстардың арасында өзара түсіністік, тату-тәтті береке-бірлік пен ынтымақ және рухани құндылықтарға деген адалдық ауадай қажет. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде көп ұлтты қазақстандықтардың береке-бірлігі мен ынтымағын жарастырған татулық темірқазығына айналып отыр. Туған елі – Қазақстанды әлемдегі өркениетті елдер қатарына қосуды жоспарлаған Елбасының басты арман-мұраты да міне, осы! «Мен барлығыңызды G-GLOBAL идеясын ілгерілету үшін өздеріңіздің халықаралық байланыстарыңызды пайдалануға шақырамын. Сондай-ақ, Ассамблеяда еліміздегі Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі мен Алматыда өтетін Универсиада-2017 сияқты аса ірі халықаралық шараларға дайындыққа қатысу бойынша өзінің нақты іс-қимыл жоспары болуы тиіс. Осы шараларда біз әлемге мәдениетімізді, еліміз халқының полиэтностық толеранттылығын, бейбітшілік пен келісім жағдайындағы табыстарымызды көрсетуге тиіспіз, – деп Ұлт көшбасшысы барлық қазақстандықтарды бірлікте жұмыс жасауға шақырды. «Дамудың сыры – бірлікте, табыстың жыры – тірлікте». Қазақты қасиетті қара шаңыраққа баласақ, еліміздегі барша этностар – сол шаңыраққа шаншылған уықтар. Ортақ ордамыз – Қазақстанның босағасын берік, шаңырағын биік ұстап, түтінін түзу ұшыру – елдік мақсат. Сондықтан бірлік пен татулықтың, ұлтаралық достықтың символына айналған Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін осы жыл айтулы, мерекелі жыл болмақ. Қазақстан халқы Ассамблеясы жасай берсін!
Әлия Жақашева, Әсел Сейдуалиева, Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжінің оқытушылары.
Ұқсас жаңалықтар
Халықтық сайлау: тиімділік пен мүмкіндік
- 21 қараша, 2024
Аманат жүгі абыройға бастайды
- 19 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді