«Жеті» санында қасиет бар ма?

«Жеті» санында қасиет бар ма?
ашық дереккөз
«Жеті» санында қасиет бар ма?

Қазақ халқы «жеті» санын қастерлеп, қашан да қасиетті деп санаған. Осыған қатысты – жеті ата, жеті шырақ, жеті қарақшы, жеті күн, жеті қабат жер, жеті жарғы, жеті қазына деген «жетіліктердің» барлығының да түп-тамыры бір. Қазақтың киелі «жетілігінің» бірі – жеті қазына. Жеті қазына – қазақтың дәстүрлі дүниетанымындағы туған ұғым-түсініктердің бірі. Жеті қазынаға орай менің бала кезімде естіген мынау бір әңгіме оқырмандарға ой салар деген ойдамын. Біздің елде Тыржық атамыздың Жолайының баласы Мәлике молда деген атамыз болды. Сол атамыз шаруадан қолы қалт еткенде неше түрлі тағылымды әңгімелер айтушы еді. Сол кісінің айтуына сайсақ, қазақтың жеті қазынасы мыналар: жол («сөз қуған бәлеге жолығады, жол қуған қазынаға жолығады»), қазан («Құдайға жағам десең азанды бол, ағайынға жағам десең қазанды бол»), диірмен («нан – өмір өзегі», «жарты күлше күнде бар»), қақпан («әр бұтаның түбінде бір асым ет», «қазыққа байланған азық»), ит («иттен опа, сатқыннан жапа»), мылтық («қарулы елдің сесі бар, қариялы елдің есі бар»), той («той – Құдайдың қазынасы»). Осылай деген атамыз «бұлардың орнын әсте ауыстыруға болмайды. Өйткені, бірі-бірінсіз қазына бола алмайды» деп отыратын еді. Ал, Сіз қалай ойлайсыз?

Кеңес Нұридиев, еңбек ардагері.

Мәдімар ауылы, Байзақ ауданы.

Ұқсас жаңалықтар