«ҚАЗТЕСТ» сынағы басталды

«ҚАЗТЕСТ» сынағы басталды
ашық дереккөз
«ҚАЗТЕСТ» сынағы басталды

2014 жылғы 27 наурыздағы облыс әкімінің №81 қаулысымен бекітілген Жамбыл облысының Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 5-тармағына сәйкес облыстық бюджеттен 10 миллион теңге қаржы қаралып, облыстағы мемлекеттік қызметшілерді «ҚАЗТЕСТ» сынағына әзірлеп, сертификаттық тестілеуден өткізу жоспарланған. Осы жоспарды іске асыру мақсатында Қордай, Меркі, Жамбыл, Байзақ, Шу, Сарысу, Жуалы, Мойынқұм, Талас аудандарында және Тараз қаласында «Мемлекеттік тілді оқыту орталығының» ғимаратында 1000 мемлекеттік қызметші «ҚАЗТЕСТ» байқау сынағы бойынша тестілеуден өткізілуде. Қазан айында 500-ге жуық мемлекеттік қызметшіні сертификациялық тестілеуден өткізуді жоспарлап отырмыз. Осы іс-шараны Ұлттық тестілеу орталығы қызметкерлері мен облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасы басшысының ұйымдастыруымен жергілікті «Мемлекеттік тілді оқыту орталығының» жауапты қызметкерлері жоғары деңгейде жүзеге асыруда. Қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға бағытталған мұндай тестілеудің нәтижелілігі мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін әділ түрде тәуелсіз бағалауда, қазақ тілін оқыту курстарында оқытуды тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді.

Гаухар Сейсенбаева, облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының «Мемлекеттік тілді оқыту орталығының» әдіскері.

Ұқсас жаңалықтар