Ұлы даланың ұлағаты

Ұлы даланың ұлағаты
ашық дереккөз
Ұлы даланың ұлағаты

ұрпақтың бойына ұлтжандылықты сіңірген ләзім

Тамырын тереңге жібермеген дарақтың ғұмыры қысқа. Жасыл желек жайқалып өсіп, жел мен дауылға төтеп беруі үшін топыраққа тамыр жаюы керек. Жалпы, жастарға берілер тәлім мен тәрбие ұлт тарихымен сабақтасып жатуы тиіс. Онсыз біз елжанды ұрпақ тәрбиелей алмаймыз. Жас жеткіншектер дәстүр-салтымыздан қол үзбей, төл тарихын танып өскенде ғана туған елін қадірлей алады. Ұстаздар қауымы оқыту үдерісінде осыны ескеруі қажет. Биыл – еліміз үшін елеулі жыл. Ағымдағы жылы біз Ата Заңымыз бен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтеміз. Бұл атаулы мерейтойлардың мән-маңызы зор. Себебі, бұл – жай мерекелердің бірі емес, тарихымызды тағы бір жаңғыртып, жоғалтқанымызды түгендеп, елдігімізді көрсететін кезең. Сондықтан, осы бір маңызы жоғары даталардың мәнін жас жеткіншектерге жете түсіндіруіміз керек. Негізі, сабақ барысында әрбір тақырып туған ел мен жерге байланыстырылып өтсе де артықтық етпейді. Төл тарихымызбен тамырласқан сабақтан алар тәлім де мол болмақ. Осыны ескере отырып, өз сыныбымда әрбір тәрбие сағатын ұлт тарихымен сабақтастырып өткізуге тырысамын. Биылғы оқу жылында басымдықты қазақ хандығының құрылуы, хандық билік кезеңіне беруді жөн көрдім. Ұлы хандар тарихын тарата айту арқылы жас ұрпаққа ұлы даланың ұлағатын ұқтырсам деймін. Тіпті, ашық тәрбие сағатына да осы тақырыпты таңдап алдым. Ондағы мақсат біреу. Ол – өткенін ұлықтай білетін, ата-бабасын, ел-жұртын құрметтей алатын жастарды тәрбиелеу.

Ақмарал Нұрмаханбетова, №36 орта мектептің мұғалімі.

Тараз қаласы.

Ұқсас жаңалықтар