Үздік кітапханалар

Үздік кітапханалар
ашық дереккөз
Үздік кітапханалар

Жыл қорытындысы бойынша кітапхана саласының үздіктері анықталды. Иә, кітапханалар арасында ұйымдастыру біліктілігі мен кәсіби деңгейін анықтау мақсатында өткізілген «Ең үздік ауылдық кітапхана» байқауында бас жүлдені Сарысу ауданы, Ұ. Сыздықбаев ауылдық кітапханасы иеленсе, бірінші орын Қордай ауданы, Гвардейский ауылдық кітапханасына бұйырды. Жүлделі екінші орынды Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылдық балалар кітапханасы иеленсе, үздік үштікті Жамбыл ауданы, Бектөбе ауылдық кітапханасы мен Шу ауданы, Сауытбек ауылдық кітапханасы түйіндеді. Сонымен қатар, Талас ауданы, Аққұм ауылдық кітапханасы ынталандыру жүлдесіне лайық деп танылды.

Сонымен қатар, Ұлттық кітапхананың «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгісімен ұзақ жылдан бері еңбек етіп келе жатқан Т. Рысқұлов аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Клара Серікбаева, Жуалы аудандық орталық­тандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Бақыт Қанаева, Сарысу аудандық орталық­тандырылған кітап­ханалар жүйесінің директоры Светлана Қожаназарова, Шу аудандық орталық­тандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Ұлтуар Ибраевалар марапатталды.

Табиғат Абаилдаев,  «Ақ жол».

Ұқсас жаңалықтар