АТАМЕКЕНІММЕН МАҚТАНАМЫН
WBA, IBO және WBC тұжырымдары бойынша кәсіпқойлар арасындағы бокстан әлем чемпионы, ел мақтанышы Геннадий Головкин өз хатында Мемлекет басшысына таяуда өткен жекпе-жектегі жеңісіне орай жолдаған жылы лебізі мен тілегі үшін алғыс айтады. «Мен туған елімді халықаралық аренада танытып, Қазақстаннан шыққан саңлақ спортшы қандай болатынын бүкіләлемге көрсете отырып, айрықша мақтаныш пен патриоттық, жауапкершілік сезімдеріне бөленем. Еліміздегі бокс пен спортты дамытуға қарапайым үлесімді қоса жүріп, Сізге және барша отандастарымызға қуаныш сыйлау, мемлекетіміздің мерейін өсіру мүмкіндігіне ие болғаным үшін шынайы бақыттымын», – делінген хатта.
Г. Головкин хат соңында НұрсұлтанНазарбаевтың және барша қазақстандықтардың тарапынан көрсетілген қолдау оның жеңіске деген жігерін нығайта түсетінін атап өткен.
«Ақ жол-Ақпарат».
Ұқсас жаңалықтар
Спорт кешені пайдалануға берілді
- 21 қараша, 2024
Әлемнің жүйріктері Әулиеатада бақ сынасты
- 12 қараша, 2024
Ақпарат
IQanat – жарқын болашаққа бастайтын жоба
- 28 қазан, 2024
Референдумнан қордайлықтар да қалыс қалмауда
- 6 қазан, 2024
АЭС салсақ - электр энергиясын экспорттаймыз
- 22 қыркүйек, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді