«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Astana IT University – цифрлық дәуірде білікті мамандар даярлайтын үздік жоғары оқу орны

Astana IT University – цифрлық дәуірде білікті мамандар даярлайтын  үздік  жоғары оқу орны
АФМ
Қазіргі кезде мемлекетімізде озық технологиялар мен инновациялардың қарқынды дамуы барысында IT саласын білікті кадрлармен толықтыру қажеттігі артып, болашақ мамандарды даярлау сапасына ерекше көңіл бөлінуде. Білім беру үдерісінде цифрлық технологияларды модернизациялау өте өзекті бағыт болып отыр. Озық технологиялар мен инновацияларды әзірлеуде, әлемдік аренада бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда Astana IT University Қазақстандағы мамандандырылған жетекші оқу орындарының бірі болып табылады.

Астана IT университеті бакалавриат, магистратура, докторантураға  арналған ақпараттық технологиялардың әртүрлі аспектілерін қамтитын білім беру бағдарламаларының кең ауқымын ұсынады. Қазіргі таңда университет бакалавриаттың «Software Engineering», «Computer Science», «Big Data Analysis», «Media Technologies», «Mathematical and Computational Science», «Cybersecurity», «Smart Security Technologies», «Industrial Internet of Things», «Electronic Engineering», «Smart Technologies», «Digital technologies in nuclear power engineering», «IT Management», «IT Entrepreneurship», «АI Business», «Digital Journalism», «Digital Public Administration» білім беру бағдарламалары; магистратураның «Қолданбалы деректерді талдау», «Есептеу ғылымдары», «Информатика және инженерия»,  «Жобалық менеджмент», «Цифрлық мемлекеттік басқару және қызметтер», «Медиа технологиялар», «Бағдарламалық қамтамасыз етуді қауіпсіз әзірлеу»,  «Қолданбалы жасанды интеллект»,  «Цифрлық бизнес және жасанды интеллект технологиялары» заманауи білім беру бағдарламалары, докторантураның ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі бекіткен бағдарламалары бойынша оқытуды жүзеге асырып келеді.

Астана IT университеті қызметінің негізгі бағыттарының бірі ақпараттық технологиялар саласындағы ғылыми зерттеулер болып табылады. Студенттер мен оқытушылар жасанды интеллект, киберқауіпсіздік, үлкен деректерді талдау және сол сияқты әртүрлі салалардағы зерттеулермен белсенді түрде айналысады.

Astana IT University мен Cisco арасындағы 2019 жылғы 11 қазандағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум аясында университетте Cisco Webex қашықтықтан оқытуға арналған аппараттық-бағдарламалық шешімі бар оқу зертханасы ашылды, сонымен қатар алдағы уақытта университетте Cisco Networking академиясын ашу, Astana IT University мен Huawei арасындағы 2019 жылғы 27 қыркүйектегі өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум аясында Huawei АКТ академиясын, Astana IT University мен EnterpriseDB корпорациясы арасында қол қойылған 2019 жылғы 21 қазандағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум аясында EDB оқу орталығын, Astana IT University мен Лаборатория Касперского арасында жасалған өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум аясында уәкілетті оқу орталығын ашу жоспарлануда. 

Astana it University-де білім алушылар шетелдік университеттің студенті ретінде өзге елдердің жоғары оқу орындарында  бір триместр білім ала алады. Академиялық ұтқырлық бағдарламаларының міндеті - жоғары білім беруді интернационалдандыру және әртүрлі елдер жастарының мәдени интеграциясы. Академиялық ұтқырлықтың артықшылықтарын пайдалана отырып, студенттер басқа елдің мәдениетімен, білім беру жүйесімен танысуға, шет тілдерін білу деңгейін жақсартуға, жаңа достар табуға және мол тәжірибе жинауға мүмкіндік алады.

Ақпараттық технологиялар саласындағы білім беру мен зерттеу жұмыстарындағы озық инновациялық әдіс-тәсілдерімен Астана IT университеті халықаралық конференцияларға, семинарларға және түрлі жобаларға белсенді түрде қатысып, әртүрлі шет елдердегі серіктестерімен өзара білім және тәжірибе алмасуда жетістікке жетіп отыр.

Университетте 30-дан астам студенттік клуб жұмыс істейді, онда студенттер өз идеялары мен түрлі жобаларын жүзеге асырады. Студенттік клубтарға мүше болу арқылы олар өздерінің интеллектуалды және көшбасшылық қабілеттерін дамытуға зор мүмкіндік алады.

Астана IT университеті Қазақстан және шет елдерде ақпараттық технологиялардың инновациялық дамуына өз үлесін қосып, үздіксіз даму үстінде. Білім беру бағдарламалары, ғылыми зерттеулері, салалық серіктестіктері арқылы халықаралық деңгейде өзін  мойындата отырып, университет білікті мамандарды даярлауда және қоғамға заманауи, озық технологияларды енгізуде маңызды рөл атқарып келеді.

 

А. Утанова,

Astana IT University Жалпы білім беру пәндері мектебінің

қауымдастырылған профессоры, ф.ғ.к.

Г. Мауленова,

сеньор-лекторы, фил. магистрі

 

 

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар