Нұрсұлтан Жаңабаев халықаралық турнирде чемпион атанды
Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында Кеңес Одағының Батыры Дүйшенқұл Шопоковты еске алуға арналған бокстан халықаралық турнир ұйымдастырылды. Аталмыш сынға тоғыз елдің былғары қолғап шеберлері қатысып, өзара кім мықтыны анықтасты. Жалпы командалық есепте 1 алтын, 2 күміс, 3 қола медальды қоржынға салған Қазақстан құрамасы үздік үштіктің қатарынан көрінді. Біздің команда олжалаған жалғыз алтын медальды 75 келі салмақ дәрежесіндегі жамбылдық боксшы Нұрсұлтан Жаңабаев иеленді. Ақтық сынға алқынбай шыққан жерлесіміз финалда қабағы жарылғанына қарамастан жанкештілік танытып, жеңісті жұлып алды.Турнирдің де үздігі атанды. Халықаралық додаға өзге де мәртебелі меймандармен бірқатарда AIBA вице-президенті Серік Қонақбаев арнайы келіп қатысты. Даңқты жерлесіміз Серік Қонақбаев шешіле сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Жергілікті жұртшылық Мәскеу Олимпиадасының күміс жүлдегеріне тікесінен тік тұрып, қол соқты. Ілтипат білдірді. Құрмет көрсетті.
Нариман Шалбаев.
Бішкек қаласы.
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




