Түркия елінде оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан «Тараз»
футбол клубы екі бірдей жолдастық кездесу өткізіп үлгерді
Алдымен Польшаның «Бельхатув» командасымен кездескен жамбылдық футболшылар қарсылас команданың қақпасынан үш мәрте саңылау тапса, өз қақпаларына да үш гол жіберіп алды. Жерлестеріміздің сапынан Тимур Досмағанбетов, Деслей Убиинктер мергендігімен танылғанын да айта кету керек. Соңғысы дубль жасады. Бұдан кейін Тараз футбол клубы Арменияның «Уиллис» командасымен кездесті. Бұл ойында да қос қарсылас тең нәтижеге бас шұлғып тарқасты. Осы жолы біздің команда сапынан Тимур Досмағамбетов пен Қараман Құрмет бір-бір голдың авторлары атанды. «Тараз» ойыншылары оқу-жаттығу жиынын әрмен қарай сабақтап жатыр. Бұл премьер-лигаға дайындық жұмыстары екені белгілі. Бәлкім, осы сапар барысында команда құрамы жаңа ойыншылармен толығып қалуы ықтимал.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Милан-2026: қысқы Олимпиадада Қазақстан намысын кімдер қорғайды?
- 22 қаңтар, 2026
«Тараз» келер жылы премьер-лигада ойын көрсете ала ма?
- 19 қаңтар, 2026
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




