Облыстағы республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерді насихаттау, ұлттық мұраға деген құрметті арттыру және жастардың тарихи санасын қалыптастыру, мақсат етілген іс-шараға студенттермен қатар тарихшылар, зерттеушілер, ғалымдар қатысты. Ғылыми зерттеулердің өзектілігін арттыру, ғалымдардың идеяларын кеңінен насихаттау, ғылыми ойды қоғаммен байланыстыру арқылы инновациялық мәдениетті дамыту негізге алынды.
– Бүгінгі іс-шара, ең бастысы өз өлкеміздің тарихын тереңірек тану, облысымыздағы ескерткіштердің қандай құны барын өсіп келе жатқан жас тұлғаларға танытуға арналған. Ел ішінде «Тараз – тарихтың темірқазығы» деп бекер айтылмайды. Екі мыңнан астам жыл тарихы бар көне шаһарымыз талай оқиғалардың куәсі. Әдетте, қала ішінде кетіп бара жатып көбіміз тарихи жәдігерлердің қасынан өткенде жай ғана «әдемі екен...» деп қарап өтеміз. Ал ол осыдан қаншама жыл бұрынғылардың көзі екенін, бағасы жоғары тарихи жәдігерлер өз өлкемізде тұрғанын көп кісілер біле бермеуі мүмкін. Сондықтан да біздің мекемеміз ескерткіштерді күтіп ұстап, оның мән-мағынасын көпшілікке танытуда қызмет етеді. Тарихшылар сол ескерткіштерді зерттеп, қай кезеңнен қалған жәдігер екенін, олардың қалай қолданылғанын бізге дәлелді түрде жеткізіп жүр. Өткеннің өнегесімен болашаққа баянды бағдар жасайтынымызды ұмытпай, әрбір ескерткіштің мәнін ұғынайық, – деді «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музейқорығының директоры Нұржан Мергенбай.
Осындай маңызы зор іс-шараның университетте ұйымдастырылуы болашақ мамандарды оқытып, тәрбиелеу ісіне үлкен үлес қосатынын аталған оқу орнының ректоры Ләззат Еркінбаева атап айтты.
– Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы елімізде арнайы заңнама бар. Бұл Заң еліміз егемендік алғанда қабылданған. Қазіргі күні бұл заң жаңартылып, жаңа мәтінде шықты. Ондағы басты мақсат – тарихи мұраны сақтап қалу. Тарихи мұраның ең негізгі бөлшегі – ескерткіштер. Жамбыл облысы көненің көзі болған ескерткіштерге, тарихи орындарға бай. Деректерге қарағанда, облысымызда 3840 тарихи нысан бар екен. Қазіргі күні құқықтық тұрғыдан тек 738- і қамтамасыз етіліп, қорғауға алынған. Қалғанының осындай қорғауға алынуы сіз бен біздің қолымызда. Оны зерттеп, жанжақты саралау керек. Оны сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізу – бәріміздің міндетіміз. Сондықтан, бүгінгі іс-шара өте маңызды және оның жоғары білім алу жолында жүрген студенттердің ортасында өткізілуі де бекер емес, – дейді М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің Басқарма төрағасы – Ректор Ләззат Қалымбекқызы.
Қатысушылар назарына «Көне Тараз» қалашығы тақырыбындағы бейнеролик ұсынылды. Кешегілерден қалған ізді зерттеуде еңбектеніп жүрген ғалымдар құнды тарихи деректерді әңгімелеп, дәлелді мәліметтермен бөлісті. Филология ғылымдарының докторы, профессор, «Дулатитану және өңір тарихы» ғылымизерттеу орталығының бас ғылыми қызметкері Сәмен Құлбарақ «Тарихи аңыздар бедеріндегі ескерткіштер» тақырыбында ой қозғаса, тарих ғылымдарының докторы, профессор Асқар Абдуалы Қарахан, Тектұрмас кесенелері туралы әңгімеледі.
М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Дулатитану және өңір тарихы» ғылымизерттеу орталығының басшысы, қауымдастырылған профессор, PhD докторы Альбина Максутова, осы университеттегі Дулати музей меңгерушісі, тарих ғылымдарының магистрі Ақсәуле Қалабаева, Абай атындағы ҚазҰПУ докторанты Рахат Тобажанов және тағы да басқа тарихшылар өз ойларын ортаға салды.
Қамар ҚАРАСАЕВА
Ұқсас жаңалықтар
Бүлдіршіннің өмірін аман сақтап қалды
- Бүгін, 17:35
«Таза Қазақстан»: Таразда жалпықалалық сенбілік өтті
- 11 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




