Оқиға Тараз қаласының орталық көшелерінің бірінде болған. Күнделікті қызметін атқарып жүрген патрульдік полиция қызметкерлері – Ринат Серкебаев пен Еркеғали Абдикаримов жол үстінде асығыс келе жатқан жүргізушінің өтінішіне құлақ асады. Белгілі болғандай, көлікте көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен абайсызда құлап кеткен кішкентай бала болған.
Жағдайдың күрделілігін бірден бағамдаған тәртіп сақшылары уақыт жоғалтпай, жедел әрекетке көшеді. Олар көлікке ілесіп жүру қызметін ұйымдастырып, баланы ауруханаға мүмкіндігінше тез жеткізуге көмектеседі. Қаладағы көлік қозғалысының тығыздығына қарамастан, полиция қызметкерлері жол ашып, көліктің кедергісіз қозғалуын қамтамасыз еткен.
Нәтижесінде, бала дер кезінде медициналық мекемеге жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, науқастың уақытылы жеткізілуі оның өмірін сақтап қалуда шешуші рөл атқарған. Оқиғадан кейін баланың ата-анасы тәртіп сақшыларына шынайы алғысын білдірді. Олардың айтуынша, дәл сол сәтте көрсетілген жедел көмек – баланың аман қалуына себеп болған.
«Осындай азаматтар барда өзімізді қауіпсіз сезінеміз», – дейді олар.
Айта кету керек, бұл – полиция қызметкерлерінің күнделікті қызметінің бір ғана көрінісі. Бұған дейін де дәл осы патрульдік полиция қызметкерлері талмасы ұстап қалған баланы дер кезінде ауруханаға жеткізіп, оның өмірін сақтап қалған болатын.
«Бұл – біздің қызметіміз. Әр тұрғынның өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету – басты міндетіміз», – дейді тәртіп сақшылары.
Шынында да, кейде бір ғана сәт, бір ғана дұрыс шешім адам өмірін сақтап қалуға себеп болады. Ал мұндай жауапты сәтте батылдық танытып, әрекет еткен жандар – қоғамның нағыз қорғаны.
Мақпал СҮЙІНБАЙ
Ұқсас жаңалықтар
Қазақ кинолары он күн бойы тегін көрсетіледі
- Бүгін, 17:46
«Таза Қазақстан»: Таразда жалпықалалық сенбілік өтті
- 11 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




