Мәселен, өткен сенбі күні облыс орталығы Тараз қаласында кезекті рет жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды. Кең көлемдегі тазалық шарасына облыс әкімі Ербол Қарашөкеев те қатысып, «Таза Қазақстан» акциясы әрбір тұрғынның бойында қоршаған ортаны қорғаудағы жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруда оң ықпал ететінін атап өтті. «Мемлекет басшысы атап өткендей, бүгінде патриотизм нақты істерде және әркімнің жеке жауапкершілігінде көрінеді. «Таза Қазақстан» сияқты бастамалар арқылы қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарау қалыптасады», – деді Ербол Шырақпайұлы.
Жалпы, 600-ге жуық адам қатысқан осынау сенбілік аясында көне шаһарға қарасты «Қызылабад» алабына 10 мың түп қаратал егілді. Ал биыл бұл аумақта 20 мың түп ағаш отырғызу жоспарланып отыр. Сондай-ақ бұл күні «Қарасу-2» каналының бойында тазарту жұмыстары жүргізіліп, аумағы ретке келтірілді. Осылайша белсенді тараздықтар күл-қоқыстарды жинап, туған қаласының тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты. Атап өту керек, бұған дейін ел ішінде «Таза Қазақстан» жобасы шеңберінде «Таза қала», «Таза аймақ», «Таза жағалау», «Қалаға ағаш», «Мөлдір бұлақ», Халықаралық құстар күні, «Жер сағаты» және басқа да акциялар ұйымдастырылғаны белгілі. Нәтижесінде, былтырғы жылдың өзінде бүкіл ел бойынша 121 мың тоннадан астам қалдық жиналып, 584 мың гектарға жуық аумақ тазартылды және 1,7 миллионнан астам ағаш көшеті отырғызылған. Іс-шараларға 1,4 миллионға жуық адам қатысса, оның ішінде 82 мың ерікті бар. Сонымен қатар жоғары оқу орындары мен мектептерде экосағаттар аясында экология департаменттерінің зертханаларына экскурсиялар мен дәрістер өткізіліп, 5 мыңнан астам студент экологиялық мониторинг құралдарымен танысқан. Естеріңізге салайық, «Таза Қазақстан» бастамасы аясында халықпен кері байланыс орнату мақсатында Telegram-да чат-бот жұмыс істеп тұр. Бұл чат-бот арқылы әрбір азамат ластанған аумақтың фотосын және геолокациясын жолдай алады. Өтінімдер автоматты түрде тиісті органдарға жіберіліп, жедел түрде қарастырылады. Чат-бот іске қосылғаннан бері жүйеге 18322 өтінім келіп түссе, оның 16907- сі орындалған.
Айтпақшы, өткен жылы «Таза Қазақстан» атты экологиялық мәдениетті дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы дайындалды. Аталған құжат халықтың экологиялық ой-санасын арттыруға, экологияға жауапты өмір салтын қалыптастыруға және экологиялық білім мен ағартушылықты күшейтуге арналады. Бастысы, тұжырымдама азаматтардың табиғатқа құрметпен қарауын қалыптастыруға, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсіндіруге және қоғамды экологиялық мәселелерді шешуге жұмылдыруға мүмкіндік береді.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Таразда неге биік ғимараттар аз?
- Бүгін, 09:35
Жобалық басқару – тиімділіктің жаңа тетігі
- 6 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




