Руслан Құрбанов семсерлесуден әлем чемпионатының күміс жүлдегері атан
- author «Ақ жол»
- 30 наурыз, 2026
- 821
Қазақстандық семсерші турнирлік қашықтықты сенімді түрде өтіп, шеберліктің жоғары деңгейі мен жеңіске деген ерік-жігерін көрсетті. Ефрейтор Руслан Құрбанов ширек финал кезеңінде екі дүркін Олимпиада чемпионы Кано Кокиді 9:8 есебімен жеңді.
Жартылай финалда Қазақстан құрамасының өкілі венгриялық спортшы Дэвид Нагиді 15:13 есебімен жеңіп, ойдағыдай өнер көрсетті. Бұл оған турнирдің шешуші кезеңіне шығуға мүмкіндік берді.
Соңғы жекпе-жекте ұландық спортшы Украина семсершісі Роман Свичкармен кездесті. Жекпе-жек қарқынды және тартысты өтті, бірақ қарсылас аз ғана (15:12) басымдықпен жеңіске жетті. Жарыс қорытындысы бойынша ефрейтор Руслан Құрбанов әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




