Жамбыл облысында «Жер сағаты» экологиялық акциясы өтті
- author «Ақ жол»
- 28 наурыз, 2026
- 809
«Жер сағаты» — Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) бастамасымен өткізілетін жыл сайынғы халықаралық экоакция. Ол адамдарды планетаның болашағына деген жауапкершіліктің белгісі ретінде бір сағатқа жарық пен тұрмыстық техниканы өшіруге шақырады.
«Жер сағаты» — планетадағы ең ірі экологиялық акция болғандықтан, оған әлем бойынша 180 елдегі 7000 қаланың 2 миллиардтан астам тұрғыны қосылған. 2026 жылы халықаралық «Жер сағаты» акциясы 19-шы рет, ал Қазақстанда 17-ші рет өтіп отыр.
Акцияның мақсаты — табиғатқа және планетаның ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару. Жыл сайын акция кезінде ел бойынша танымал нысандардың шамдары символикалық түрде өшіріледі.
Акцияға Жамбыл облысы бойынша тек ғимараттар, елді мекендер ғана емес,«Қазфосфат» ЖШС – «Шолақтау» ТКК, «Қазфосфат» ЖШС – «Қаратау» ТКК, «Алтыналмас» АҚ, «Азиялық газ құбыры» ЖШС
«Шығыс кен басқармасы» ЖШС, «ЕуроХим-Удобрение» ЖШС, «Қазфосфат» ЖШС – «Минералды тыңайтқыштар» ТФ, «Қазфосфат» ЖШС – «НДФЗ» филиалы секілді ірі кәсіпорындар да қосылды.
Ұқсас жаңалықтар
Мамыргүл жұлғандар да енді айыппұл төлеуі мүмкін
- 16 сәуір, 2026
Базарларда «ұйымдасқан топтар» әрекет етеді
- 16 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




