«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Жоспардан тыс тексерудің нәтижесі қалай болды?

Жоспардан тыс тексерудің нәтижесі қалай болды?
РСК
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында облыс әкімдігі мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Айтқазы Қарабалаев басқарма тарапынан өткен жылы атқарған жұмыс барысы туралы баяндады. Оның айтуынша, аталған кезеңде басқарма тарапынан 237 жоспардан тыс тексеру жүргізілген. Тексеру нәтижесінде 160 нұсқама беріліп, 504 әкімшілік іс қозғалған. Оның ішінде 399 тапсырыс беруші, 30 мердігер, 15 жобалаушы, 5 сараптама ұйымы, 2 геологиялық зерттеу ұйымы, сондай-ақ 34 техникалық және 19 авторлық қадағалаушы әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Салынған айыппұлдың көлемі – 130302809 теңге.

– Жыл ішінде жүргізілген тексеру нәтижесінде 9 авторлық және 17 техникалық қадағалаушыларға қатысты әкімшілік істер қозғалып, айыппұл с а лынып, с арапшы атте ст атт ары 6 ай мер зімге тоқтатылды. Сонымен қатар құрылысмонтаждау жұмыстарын сапасыз орындап, құрылыс нормалары мен ережелерінен ауытқуға жол берген 6 мердігер ұйым, жобалау қызметін жүзеге асыратын 11 ұйым және 2 геологиялық зерттеу ұйымы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 312-бабының 1-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аталған баптың 1-бөлігінде көзделген құқық бұзушылық бір жыл ішінде қайталап жасалған жағдайда лицензиядан айыру көзделген, – деп атап өтті Айтқазы Дәулетқұлұлы.

Басқарма басшысының айтуынша, бірқатар сараптама және жобалаушы ұйымдар аккредиттеу туралы куәліктерінен (лицензиядан) айырылып, оларға 4325200 теңге айыппұл салынған. Тексеру қорытындысы бойынша 10 нысан бұзылған. Оның 8-і Тараз қаласында болса, екеуі Жуалы мен Талас аудандарында. Сонымен қатар өткен жылы жалпы 116 іс сотта қаралыпты. Ал құрылыс нормасы сақталмаған нысанды бұзу туралы 4 талап қою арызы сотқа жолданып, 1 іс бойынша сот шешімі заңды күшіне енсе, 3 іс сот қарауында.

«Облыс аумағындағы құрылыс нысандарының сапасына қатысты тапсырыс берушілердің ұсынымдарына сәйкес құрылыс нысандарына жалпы 150 профилактикалық мониторинг жұмыстары жүргізіліп, анықталған бұзушылықтарды жою туралы құрылыстың барлық қатысушыларына (тапсырыс берушіге, мердігерге, техникалық және авторлық қадағалаушыларға) ескертілді», – дейді басқарма басшысы.

Ал өткен жылы сала бойынша 26 лицензия берілсе, оның 16-сы құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша берілген лицензиялар. Оның ішінде І санатта – 3, ІІ санатта – 8, ІІІ санатта 5 лицензия бар. Ал жобалау қызметі бойынша 5 лицензия берілді. Оның ішінде, І санатта – 3, ІІІ санатта – 2. Іздестіру жұмыстары бойынша 5 лицензия беріліп отыр. 2025 жылы инжинирингтік қызметтермен айналысатын сарапшыларға 125 аттестат берілді. Оның ішінде, техникалық қадағалаушы – 104, авторлық қадағалаушы – 5, жобалау жұмыстарының сарапшысы – 13, техникалық тексеру бойынша 3 аттестат берілген. Баспасөз мәслихаты соңында басқарма басшысы Айтқазы Қарабалаев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Марат Құлибаев

 

Ұқсас жаңалықтар