«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Баласына тиісті қадағалау жасамаған 36 ата-ана жауапқа тартылды

Баласына тиісті қадағалау жасамаған 36 ата-ана жауапқа тартылды
Автор
Облыста полиция қызметкерлері кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған «Жасөспірім» кешенді рейдтік іс-шарасын өткізді.

Рейдтің екі күнінде түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін полиция бөлімшелеріне 254 жасөспірім жеткізілді. Өмірлік қиын жағдайға тап болған төрт кәмелетке толмаған бала Облыс әкімдігі жанындағы балаларды қолдау орталығына жіберілді.

Тексеру барысында 196 жасөспірімнің заңды өкілдерінің қарауынсыз үйден тыс жерде жүргені, сондай-ақ 18 кәмелетке толмағанның түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болғаны анықталды. Балаларды тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін 36 ата-ана жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар кәмелетке толмағандарды сағат 22:00-ден кейін ойын-сауық орнында болуына жол бергені үшін 11 мекеме иесіне айыппұл салынды.

21 жасқа толмағандарға алкоголь өнімдерін сатқан 6 адам жауапқа тартылды. Ювеналды полиция қызметкерлері профилактикалық есепке 15 кәмелетке толмағанды және 17 отбасын қойды. «Жасөспірім» жеделпрофилактикалық іс-шарасының негізгі мақсаты – жасөспірімдер қылмысының алдын алу және құқық бұзушылықтардың жолын кесу болып табылады.

 

Мақпал СҮЙІНБАЙ

 

 

Ұқсас жаңалықтар