Басқарма тарапынан тіл саясатын іске асырудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында тіл үйрену мүмкіндіктерін ұсыну, мемлекеттік тілге қатысты ынталандыру іс-шараларын үйлестіру бағытындағы жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде екен. 2025 жылы тіл оқыту курстарынан 4671 адам тегін өтсе, оның ішінде қазақ тілі курсына 4135 тыңдаушы, ағылшын тілі курсына 536 адам тартылыпты.
– Елімізде азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау – «Қазтест» жүйесі арқылы анықталады. Тұжырымдамадағы нысаналы индикаторда «Қазтест» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметтерді ұсынатын ұйымдар қызметкерлерінің, сондай-ақ ұлттық компаниялар мен ұлттық холдингтер қызметкерлерінің үлесін 2025 жылы 39 пайызға жеткізу көзделген. 2025 жылы облыс бойынша 1338 адам диагностикалық тестілеуінен өтіп, нысаналы индикатор 73,6 пайызға орындалды. 2025 жылдың жұмыс жоспарына сәйкес әртүрлі форматтағы 144 іс-шара ұйымдастырылып, 10 мыңға жуық адам қамтылды.Қазақ тілін үйретуде онлайн жобалар да белсенді қолданылды. Қазақ тілін күнделікті өмірде қолданысқа енгізу мақсатында «YouTube» каналында «Қазақша тіл үйренейік!», «Easy қазақша» бейнесабақтары жарияланды. Әлеуметтік желілерде «Сауаттылық Time», «Тыңдаушы пікірі», «Сабақтан бір сәт» айдарлары тұрақты жүргізіліп, этностардың тілге қызығушылығы артты. Мемлекеттік тілді оқытудың 2026 жылға арналған Жол картасы 4273 адам болып бекітілді. Есепті мерзімде тіл оқыту курстарынан 1093 адам өтсе, оның ішінде қазақ тілі курсына 958 тыңдаушы, ағылшын тілі курсына 135 адам тартылды. Қазақ тілін жеңіл әрі қызықты тәсілдермен үйрету арқылы тілдік орта қалыптастыру және қоғамдағы бірлік пен татулықты нығайтуға бағытталған «Қазақша оңай» әлеуметтік жобасы Қордай, Меркі, Шу аудандарында ұйымдастырылды. Жобаның ерекшелігі – еркін форматта, ашық алаңда өтуінде.Нәтижесінде тіл үйренушілер тікелей тілдік ортаға еніп, интерактивті тапсырмалар, ойындар мен жаттығулар арқылы мемлекеттік тілді меңгеруге мүмкіндік алды. Бұл жобаның басты жетістігі – ауыл тұрғындары арасында тікелей тілдік қатынас орнатуға жағдай жасалды. Алдағы уақытта «Қазақша оңай» жобасын облыстың өзге де ауылдарында жалғастыру жоспарланып отыр,— дейді Тілдерді оқыту орталығының директоры Қуаныш Кәрібайұлы.
Биылғы жылы да бірнеше маңызды іс-шаралар жоспарлануда екен. Атап айтатын болсақ, қазақтың маңдайына біткен алып тұлға, жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың туғанына 180 жыл толуына орай «Ұлы дала абызы» атты поэзия марафоны, яғни жыр оқу сайысы ұйымдастырылады. Бұл шара Жамбыл шығармашылығын насихаттап, жас ұрпақты әдебиетке тартуға бағытталған. Мемлекеттік тілді дамыту мен насихаттау бойынша оқытушылар арасында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы облыстық байқау, этнос өкілдері арасында «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» атты облыстық байқау, «Қазақша тіл үйренейік!» атты жобасы аясында А2 базалық деңгейінде қазақ тілін меңгертуге арналған 20 бейнесабақ «YouTube» каналында жарияланады екен.
Эльмира БАЙНАЗАРОВА
Ұқсас жаңалықтар
Цифрлық ғасырдың басты кейіпкері – жастар
- 10 ақпан, 2026
Менингит несімен қауіпті, қалай қорғану керек?
- 10 ақпан, 2026
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- 10 ақпан, 2026
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




