Құтыру вирусы ауру жануардың сілекейі арқылы жарақаттанған теріге немесе шырышты қабықтарға түсу арқылы жұғады. Вирус адам мен жануардың орталық жүйке жүйесін зақымдап, бас және жұлын миында көбейіп, қайтадан сілекей арқылы сыртқы ортаға таралады. Облыста өткен жылы адамдар арасында құтыру ауруы тіркелген жоқ. Алайда жануарлардан жарақат алып, медициналық көмекке жүгінген 4411 адам тіркелді. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 21,6 пайызға жоғары (2024 жылы – 3457 жағдай). 2024 жылы жануарлар арасында құтырудың 7 ошағы тіркелсе, 2025 жылы 6 ошақ анықталды.
Атап айтқанда: Тараз қаласында – 2, Талас ауданында – 1, Т.Рысқұлов ауданында – 1, Шу ауданында – 1, Мойынқұм ауданында – 1 жағдай. Құтырудың алдын алу мақсатында өткен жылы облыста 20757 иесіз ит пен мысық ауланды. Ауру анықталған ошақтарда 17950 ит пен мысық және 154250 үй жануары құтыруға қарсы вакцинациядан өткізілді. Құтырудың емі жоқ, бірақ оның алдын алуға болады. Ауру немесе оған күдікті жануар тістеген, тырнаған не сілекейі тиген жағдайда, адам дереу медициналық мекемеге жүгіну керек.
Мұндай кезде антирабикалық вакцина және иммуноглобулин егу – адамның өмірін сақтап қалудың ең тиімді жолы. Жарақат алған жағдайда алдымен жараны сабынды сумен мұқият жуып, айналасын 70 пайыздық спиртпен немесе 5 пайыздық йод ерітіндісімен залалсыздандыру қажет, содан кейін міндетті түрде дәрігерге көріну керек. Егер белгілі ит немесе мысық тістесе, жануарды ветеринар маманға көрсетіп, 10 күндік бақылауға қою қажет. Осы уақыт аралығында зардап шеккен адамға 0, 3, 7-күндері екпе егіледі. Ал жануар белгісіз болса, қашып кетсе немесе өлген жағдайда екпе 0, 3, 7, 14, 28-күндері жүргізіледі. Антирабикалық көмек медициналық мекемелерде тегін көрсетіледі.
Облыс тұрғындарын жабайы аңдардан және иесіз қаңғыбас ит-мысықтардан сақ болуға, олармен жақын қарым-қатынас жасамауға шақырамыз. Үйде ұстайтын ит пен мысықты уақытылы ветеринар маманға көрсетіп, құтыруға қарсы екпе салдырып, ветеринариялық паспортының болуын қадағалау қажет. Сондай-ақ иттерді байлауда ұстау – қауіпсіздік кепілі. Қазіргі таңда облыстың барлық аудандары мен Тараз қаласында иесіз қаңғыбас иттерді аулаумен айналысатын 12 топ жұмыс істейді.
Қаңғыбас жануарларды байқасаңыз, 109 нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз. Өз денсаулығыңыз – өз қолыңызда!
Жұманқұл СӘКЕН
облыс әкімдігінің ветеринария басқармасының бас маманы.
Ұқсас жаңалықтар
ЖИ уақыт талабы ғана емес, стратегиялық қажеттілік
- Бүгін, 17:13
Аққу қайтса, су да қайтады деп еді...
- Бүгін, 17:05
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




