Алты жасар Амина Олжасқызы Түркістанда өтіп жатқан шахматтан балалар-жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатында алтыннан алқа тағынды. Ол алты жасқа дейінгі қыздар арасында 9 турдың бәрінде жеңіске жетіп, жеңімпаз атанды. Ол чемпионат барысында Ақтөбе, Атырау, Ұлытау, Шығыс Қазақстан, Алматы, Түркістан, Қызылорда облыстарының жас шахматшыларынан басым түсті. Сонымен қатар Астана және Шымкент қалаларының жасөспірім спортшыларын да ұтты. Осылайша, тоғыз ойыннан кейін 9 ұпаймен жеке дара көш бастады. Оның жеке бапкері – Анель Алтайбек. Біз чемпионның анасы Жазира Әлімқұловамен әңгімелескен едік.
– Амина алдағы 29-маусымда 6 жасқа толады. Шахматқа 4 жасынан қатысып жүр. 8 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы облыстық біріншілікте блиц түрінен екінші, Рапид түрінен үшінші жүлдені иеленген. 2025 жылдың шілде айында Қырғызстан мемлекетінің Ыстықкөл қаласында өткен халықаралық жарыста үшінші жүлдеге қол жеткізген. Кеше ғана аяқталған Түркістан қаласындағы жасөспірім қыздар арасындағы ел біріншілігіне 6 жасқа дейінгілер арасында 20 шахматшы қатысты. Солардың арасынан жеке дара шыққанына қуаныштымыз. Қызымыздың алдағы жарыстарда да жеңіске жете беруіне тілектеспіз, – дейді ол.
Амина биыл еліміздің намысын қорғап, Азия және Әлем чемпионатына қатысатын болады. Әрқашан жолы болсын. Жарайсың, жас чемпион!
Батырхан ашық турнирде топ жарды Тараз қаласында бокстан өткен 2026 жылғы республикалық ашық турнирде аталған шаһардағы Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназияның 4 «Ә» сынып оқушысы Батырхан Айтас 35 килограмм салмақ дәрежесінде барлық қарсыласын ұтып, алтыннан алқа тағынды. Батырхан Дәуренұлы бокспен екі жылдан бері айналысады.
Осы кезге дейін облыстық біріншілікте бір күміс, бір алтын медаль иеленген. Республикалық ашық турнирге көршілес Қырғыз елінен де жасөспірім боксшылар келіп қатысыпты. Батырхан турнир барысында үш жекпе-жек өткізіп, Қырғыз елінен және өзге облыстардан келген қарсыластарынан басым түсті. Бапкері – Қанат Әбдіхалықов.
– Батырхан Айтас біздің білім ошағының мақтаулы оқушысы. Оның сабақ үлгерімі де өте жақсы, қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысады. Сынып жетекшісі Дамира Тойшыманова да әр шәкірттің қабілетін аша алатындай білікті ұстаз. Бүгінгі алтын жүлдесі бүкіл ұстаздар мен оқушыларға үлкен қуаныш сыйлады. Батырханның алдағы турнирлерде топ жарып, облыс сенімін ақтай береріне сенеміз. 4-сыныпта оқитын шәкіртіміздің жеңісі талай оқушыға үлгі, –дейді аталған гимназияның директоры Әсем Маханова.
Тараз қаласы
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




