2018 жылы Жуалы ауданы аумағында «Қара алма» тау шаңғы курорты мен демалыс орындарының құрылыс жұмыстары қарқынды басталып, бір жыл көлемінде аяқталуы тиіс еді. Өкінішке орай құрылыс аяқталмай қалды. Міне, өңірдің туризм саласына үлкен серпін береді деген а лып жоба 7 жылдан бері бітпей, «сақалды құрылысқа» айналды.
Облыс халқы асыға күткен әрі табиғаттың өзі тарту еткен тау шаңғы демалыс орнының құрылысын аяқтап іске қосу халықтың қамын ойлайтын, Қазақстан аумағында туризмді дамытуды көздеген, Мемлекет басшысының т апсырмасына с елқо с қарамайтын ілкімді, іскер басшының еншісінде екенінде күмән жоқ .
Бұл жоба облыс аумағында ішкі туризмді және тау шаңғы туризмін дамыту мақсатында қолға алынған болатын. Өте тиімді, ауқымды, болашағы зор, бұқаралық спортты дамытуға арналған және қарапайым халыққа аса қажет нысанның осылай жарымжан болып тұруы үлкен сын.
Жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жүзеге асырылуы тиіс еді. Облыс кәсіпкерлері өз қаражаттарына ауқымды жұмыстар жасағанымен әрі қарай қолдау таппай, құрылыс жұмыстары тоқырап тұр. Облыс көлемінде әрбір инвестормен жұмыс жасау барысында мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік бағдарламалардың еш кедергісіз іске асуын қамтамасыз етуі тиіс.
Мемлекеттікжекеменшік әріптестік негізінде атқарылуы тиіс жұмыстардың жергілікті сала мамандарының кәсіби біліксіздігінен іске асырылмай қалуы мемлекетіміздің абыройына нұқсан келтіреді.
Әуесхан ЗӘУІРБЕКОВ
облыстық Қоғамдық кеңес мүшесі
Ұқсас жаңалықтар
Скандинавия жүрісі – салауатты өмірдің өзегі
- 11 наурыз, 2026
Ербол Хамитов – қысқы Паралимпиаданың қола жүлдегері
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




