Реформалар тек қағаз жүзінде емес, нақты тәртіп пен жауапкершілікке негізделуі тиіс
- author «Ақ жол»
- 7 қаңтар, 2026
- 899
Президент сұхбатында ел дамуының алдағы кезеңіне қатысты нақты бағыттар мен басымдықтарды айқындап берді. Әсіресе, заң мен тәртіп, қоғамдық тұрақтылық, мемлекеттік қызметтің беделі мәселелеріне баса мән беруі – бүгінгі күндегі өзекті тақырыптар.
Біз, ардагерлер, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы қиын кезеңдерді де, мемлекеттіліктің қалыптасу жолын да көрдік. Сол себепті Мемлекет басшысының реформалар тек қағаз жүзінде емес, нақты тәртіп пен жауапкершілікке негізделуі тиіс деген ұстанымын толық қолдаймыз. Қоғамда заң үстемдігі орнықпай, әділетті мемлекет құру мүмкін емес.
Сұхбатта айтылған ойлар, әсіресе, құқық қорғау саласының, полиция қызметінің рөлін күшейтуге бағытталған ойлары жалпы саясатпен үндес тұжырымдар деп есептеймін. Қауіпсіз ел – тұрақты ел. Ал қауіпсіздіктің кепілі – тәртіпті қоғам мен өз ісіне адал қызмет ететін азаматтар.
Ардагерлер қауымы Мемлекет басшысының бастамаларын әрдайым қолдай отырып, жастарды отансүйгіштікке, заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу ісіне өз үлесін қоса береді. Президент көтерген мәселелер – ел болашағы үшін маңызды, ал оны жүзеге асыру – баршамызға ортақ міндет.
Тұрдалы Шералин,
ІІО Ардагерлер кеңесінің төрағасы
Ұқсас жаңалықтар
Мамыргүл жұлғандар да енді айыппұл төлеуі мүмкін
- 16 сәуір, 2026
Базарларда «ұйымдасқан топтар» әрекет етеді
- 16 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




