Қысқы Олимпиадаға арналған ұлттық құраманың спорттық киімі таныстырылды
- author «Ақ жол»
- 30 желтоқсан, 2025
- 1.1k
Туризм және спорт министрлігінде 2026 жылғы ақпанда Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтетін ХХV қысқы Олимпиадаға қатысатын ұлттық құраманың спорттық киім жиынтығы таныстырылды.
Жабдықтың техникалық талаптарын келісу, үлгілерін бекіту және жеткізілетін спорттық киімнің сапасын бақылау мақсатында арнайы жұмыс комиссиясы құрылды. Оның құрамына Туризм және спорт министрлігінің, Ұлттық Олимпиада комитетінің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ танымал отандық спортшылар кірді.
Жұмыс комиссиясы ұлттық құраманың спорттық киімінің эскизін бекітті. Қазіргі уақытта бұл эскиз Халықаралық Олимпиада комитетінде келісу рәсімінен өтіп жатыр.
Спорттық киім жиынтығы 22 атаудан тұрады. Оның ішіне Олимпиаданың ашылу және жабылу салтанаттарына арналған салтанатты форма, жарыс кезеңінде пайдаланылатын жылы сырт киімдер, сондай-ақ оқу-жаттығу жиындары мен күнделікті қолдануға арналған жаттығу және күнделікті киімдер кіреді.
Сондай-ақ ұлттық құраманың спорттық киімі демеушілер есебінен сатып алынғанын айта кеткен жөн.
Туризм және спорт министрлігі 2026 жылғы қысқы Олимпиадаға дайындық бойынша жоспарлы жұмыстарын жалғастыруда.


Ұқсас жаңалықтар
«Тараз» футбол клубының жаңа құрамынан үміт көп
- 6 сәуір, 2026
Таразда велоспорттан республикалық ашық турнир басталды
- 2 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




