Десе де, аталған ауданда ағын су, экология, әлеуметтік дүкен ашу, жастарға арналған көтерме ақы мен ша лғай ауылдарға қатынайтын жолдарды жөндеу, тұрғындарды баспанамен қамту сынды шешімін таппаған бірқатар түйткілдер бар. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевпен кездесуінде нақ осы мәселелерді көтерген сарысулықтар аймақ басшысынан осы дүниелердің шешілуіне ықпал етуін сұрады.
Аудандық мәдениет үйінде жиында ең әуелі аудан әкімі Сәкен Мамытов баяндама жасап, әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталды. Оның айтуынша, Сарысу ауданында осы жылдың қаңтар-қараша айларының қорытындысымен оң динамика қалыптасқан. Мәселен, мұнда есепті кезеңде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 112 миллиард 883 теңгеге орындалса, ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 24 миллиард 852,5 миллион теңгені құраған. Сондай-ақ мұнда негізгі капиталға 109 миллиард 809 миллион инвестиция тартылып, құрылыс жұмыстарының көлемі 28 миллиард 746 миллион теңгеге орындалыпты.
– Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы көлемі 21 381 шаршы метрді құрап, 103 пайызға артты. Ал жеке және шағын кәсіпорындардағы бөлшек сауда тауар айналымы 4 миллиард 383 миллион теңгеге жетті. Ауыл шаруашылығы саласы – аудан экономикасының басты бағыты. Қазіргі таңда ауданда тіркелген 1542 шаруа қожалығының 1421-і белсенді жұмыс атқаруда. 2025 жылы егістік алқаптарының 23150 гектарына дақылдар егілді. Тәлімді егістік алқаптарына 1724 тонна тұқым себу қамтамасыз етілді. Шаруа қожа лықт ары т арапынан 3575 тонна минералды тыңайтқыш сатып алынды. Шаруа қожалықтарымыз биыл мемлекеттік бағдарламалар аясында лизингке жаңадан 18 дана трактор және 18 дана қосалқы техникаға қол жеткізді. Аудандағы техникалардың жаңару көрсеткіші 6,5 пайызды құрап отыр. Биыл «Саудакент несие серіктестігі» арқылы 21 шаруа қожалығына 155 миллион теңгеден астам несие берілді. Сонымен қатар «Ауыл аманаты» жобасы аясында 305 миллион теңгеге 42 жоба несиелендірілді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы аудандағы 13 мың гектар жайылымдық жерді кері қайтару жоспары бекітілді. Нәтижесінде, бүгінде пайдаланылмай жатқан 15146 гектар жайылымдық жер қайтарылып, жоспар 117 пайызға артығымен орындалды, – деді Сәкен Үмбетұлы.
Еске салайық, осы жылы Саудакент ауылындағы емхана ғимаратының жылу жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бұл ретте облыстық бюджеттен 156 миллион теңге бөлінген. Аудан әкімі қарапайым халық ендігі жерде тозығы жеткен аудандық орталық аурухана мен Түркістан және Үшбас елді мекендеріндегі апатты жағдайдағы медициналық пункттер жөндеп беруді сұрап отырғанын жеткізді. Сондай-ақ ол өңір басшысынан тұрғын үй кезегінде түрлі санаттағы 1462 азамат бар екеніне тоқталып, келер жылы жаңа тұрғын үй құрылыстарын жүргізуге немесе дайын үйді сатып алуға қазынадан қосымша қаржы қарастырылуына ықпал етуін сұрады.
Жиналған жұртшылық та облыс әкіміне көкейдегі сұрақтарын қойып, мәселелерін айтты. Олардың басым бөлігі өндіріс орындарының көптеп бой көтеруі экологиялық мәселелерге алып келетінін әрі бұл ел-жұрттың денсаулығына кері әсер ететінін жеткізді. Өз кезегінде облыс әкімі дәл мұндай түйткілді мәселелер тұрғындармен келісіліп шешілетінін алға тартты. Әрбір мәселе бойынша жергілікті атқамінерлерден жауап алған аймақ басшысы барлық сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға қысқаша тоқталды. Облыс әкімі кез келген мәселенің оң шешілуіне қыруар қаражат қажет екенін алға тартып, өңір басшылығы жүйелі жұмыстардың көмегімен ауыл-аймақтағы проблемаларды кезең-кезеңімен шешуге күш салатынын атап өтті.
– Бүгін көтерілген әрбір мәселе назардан тыс қалмайды. Тиісінше хаттамаға енгізіліп, бақылауға алынады. Жалпы, көптеген мәселе жергілікті жерде шешілуі тиіс. Барлық мәселе кезең-кезеңімен шешіледі. Осы тұста аудан және ауыл әкімдері өзара түсініп жұмыс істеуі маңызды, – деді Ербол Шырақпайұлы.
Жиын соңында облыс әкімі бірқатар азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Әрқашан адал қызмет етуге дайынбыз
- Бүгін, 01:25
Жамбыл облысында газдандыру жұмыстары қарқын алып келеді
- 29 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




