«Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде өткен іс-шараға үздік спортшылар, жаттықтырушылар мен сала ардагерлері арнайы қатысты. Бұл күні ең әуелі көпшіліктің назарына осы жылы өңіріміздің спорт саласындағы жеткен жетістіктері топтастырылған бейнеролик ұсынылды. Мұнан соң сөз алған облыс әкімі Ербол Қарашөкеев нақ осы саладағы толайым табыс – ерік-жігері мықты спортшылар мен тәжірибелі жаттықтырушылардың жүйелі жұмысының нақты көрінісі екенін атап өтті.
– Есепті кезеңде біздің спортшыларымыз республикалық және халықаралық ресми спорттық жарыстарда 1856 медальға ие болды. Оның ішінде биылғы жылдың басты додасы – Токиода өткен Сурдлимпиада ойындарында жамбылдық 12 спортшы бақ сынап, 1 алтын, 3 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды. Атап айтқанда, Айдос Түгелбаев дзюдодан Сурдлимпиада ойындарының жеңімпазы атанса, Фериде Кара-оглы күміс медальға, Анна Краморова күміс және қола медальға қол жеткізді. Еркін күрестен Ғабит Есжанов күміс, Ғасыр Тұрғынбай қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ жерлестеріміз өзге де спорт түрлерінде Әлем және Азия чемпионаттары мен беделді халықаралық бәсекелерде жеңіс тұғырынан көрінді, – деді Ербол Шырақпайұлы.
Айта кетейік, қазіргі таңда облыс аумағында дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға мүмкіндік беретін 2 465 нысан тұрақты жұмыс істейді. Мұндағы 112 спорт кешені осы жылы ел игілігіне берілген. Нәтижесінде, жүйелі түрде спортпен шұғылданатындардың қатары 44,8 пайызға жеткен.
Есен ӨТЕУЛІ
Ұқсас жаңалықтар
Жасөспірімдер жүзуден жарысты
- 16 желтоқсан, 2025
«ТАРАЗ» клубының басшысы сөзін іспен дәлелдемек
- 13 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




