Аталған №70 орта мектебінің ашылу рәсіміне облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысты.
– Шөлдала алабында орналасқан 600 орындық жаңа мектептің ашылуы – өңір үшін айтулы әрі тарихи оқиға. «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында бой көтерген бұл білім ордасы жас ұрпақтың сапалы білім алуына арналған маңызды қадам болып отыр. Мемлекет тарапынан білім беру саласына көрсетіліп жатқан жүйелі қолдаудың нәтижесінде өңірімізде соңғы жылдары ауқымды жұмыстар атқарылды. «Келешек мектебі» жобасы бойынша бүгінге дейін 6 мектеп пайдалануға беріліп, мыңдаған бала заманауи талаптарға сай, қауіпсіз әрі қолайлы ортада білім алып келеді. Аталған жоба білім беру саласындағы өзекті мәселелерді шешуге бағытталған. Оқушы орнының тапшылығы, үш ауысымды оқыту және ескі мектептердің мәселесі кезеңкезеңімен жойылып келеді. Қазіргі таңда келешек мектептерінің іске қосылуы арқылы облыста үш ауысымда оқу мәселесі жүйелі түрде шешімін тауып отыр. Жаңа мектеп кең әрі жарық сыныптармен, заманауи оқу құрал-жабдықтарымен, спорттық және шығармашылық бағыттағы мүмкіндіктермен толық қамтылған. Мұндай жағдай балалардың білімге деген қызығушылығын арттырып, қабілеттерін жан-жақты дамытуға жол ашады. Осы мектептен терең білім алған, ойы сергек, мақсаты биік, еліне адал қызмет ететін жаңа буын тәрбиеленіп шығарына сенімім мол. Ұстаз – қоғамның әлеуметтік, мәдени және зияткерлік дамуының негізгі тірегі. Оқушы жүрегіне біліммен қатар тәрбие және жауапкершілік дарытып келе жатқан барша ұстаздар қауымына зор алғыс білдіремін.Осынау білім ошағынан Отанға қызмет ететін білікті маман болып қалыптасады деп сенемін», – деген Ербол Шырақпайұлы мектеп оқушыларына сыйлықтар табыс етті. Мұнан соң мердігер «Агроспецстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Марат Рахымбердиев мектептің символикалық кілтін мектеп басшысы Азамат Нұртановқа тапсырды.
Мектеп лент асын облыс басшысы Ербол Қарашөкеев пен білім саласының ардагерлері Сұлушаш Құрманбекова және Дәулет Тохметов қиды. Мәжіліс және спорт залы, асхана, сынып бөлмелері талапқа сай. 33 оқу бөлмесі, 3 шеберхана, 5 коворкинг орталығы бар.
\Қазіргі таңда 725 оқушыға 60 мұғалім сабақ беруде. Сырттағы үлкен балалар ойын алаңы да көңілден шығады. Облыс басшысы сапалы мектеп құрылысы үшін мердігер компания басшысы Марат Сапарұлына алғысын айтып, жаңа мектеп ұжымына табыс тіледі.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Күләш ақынның қабірінде күмбезді мазар тұрса
- Бүгін, 07:12
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




