Шорт-тректен қысқы Олимпиадаға 9 қазақстандық қатысады
- author «Ақ жол»
- 12 желтоқсан, 2025
- 784
Бас бапкер Петр Гамидов пен ұлттық құрама бапкерлер штабының шешімімен 2026 жылғы қысқы Олимпиадада ел намысын Денис Никиша, Абзал Әжіғалиев, Ольга Тихонова және Яна Хан қорғайды.
Лицензия бойынша ақпарат:
2000 м (микст) – 1 лицензия
Ерлер:
500 м – 2 лицензия
1000 м – 1 лицензия
Әйелдер:
500 м – 2 лицензия
1000 м – 1 лицензия
1500 м – 2 лицензия
Айта кетейік, бұған дейін мәнерлеп сырғанаушылар Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина әлем чемпионатында олимпиадалық нормативті орындап, екі лицензия жеңіп алған еді. Осылайша, Олимпиадаға қатысатын спортшылар саны 6-ға жетіп, ел қоржынына жалпы 11 лицензия түсті.
Олимпиада жолдамаларының нақты саны 2026 жылғы қаңтардың соңында белгілі болады. XXV қысқы Олимпия ойындары 2026 жылғы 6-22 ақпан күндері Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында өтеді. Оған 93 елден 3 500-ден астам спортшы қатысады.
Ұқсас жаңалықтар
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- 10 ақпан, 2026
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




