«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

Осал топқа әрдайым қолдау болады

Осал топқа әрдайым қолдау болады
Автор
Amanat партиясы облыстық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі аймақтық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Жиынды ашқан кеңе с төрағасы Сембек Сейдәзімов:

«Бүгін партия облыстық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі аймақтық кеңесінің кезекті отырысына жиналып отырмыз. Осы отырыспен жылды аяқтайтын боламыз. Өздеріңіз білетіндей 25 қазан – Республика күніне орай еліміздің дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтар марапатталған болатын. Оның ішінде әріптесіміз, облыс әкімдігінің даму бөлімінің бас инспекторы, облыс әкімі аппараты жанындағы Әйелдер істері және отбасы демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Зәуре Тұрғынова партия төрағасы Ерлан Қошановтың Құрмет грамотасымен марапатталған еді. Рұқсат  етсеңіздер, отырысымыздың алдында Зәуре Мұратқызын салтанатты түрде марапаттасақ», – деп аталған азаматшаны марапаттады.

– Бүгін отырыстың күн тәртібінде Жол картасының әлеуметтік мәселелерге қатысты тармақтарының орындалу барысы туралы, Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңестің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылау және бекіту. Ендеше, сөз кезегі күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы Еркін Келесовке беріледі, – деді.

Бұдан соң аталған мәселе бойынша сөз алған облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы Еркін Келесов Amanat партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес біздің басқармаға 8 межелік көрсеткіш белгіленген болатын. Бүгінде осы көрсеткіштердің 4-уі орындалды, 2-нің жыл соңына дейін орындалуы күтілуде, қалған 2 көрсеткіш орындалмай отыр. Ендігі кезекте орындалған көрсеткіштерге тоқталып кетуді рұқсат етіңіздер. 2027 жылдың соңына дейін кемінде 84 мың жұмыс орнын құру, бұл 16,8 мың жұмыс орны екендігін алға тартты.

– 2025 жылы облыс бойынша ҚР Президентінің 10 мың халыққа 100 жаңа жұмыс орнын ашу тапсырмасы аясында 16 463 жаңа жұмыс орны және электронды еңбек биржасы арқылы есепті мерзімге 1 903 жұмыс орны құрылды. Сондай-ақ осал топтар қатарына жататын 1 006 адамға қайтарымсыз гранттар берілді. Субсидияланатын жұмыс орындарына барлығы 13841 адамды тарту жоспарланған. Жыл басынан 13078 адам тартылып, жылдық жоспар 94,5 пайызға орындалып отыр. Жалпы, атқарылған жұмыстар аясында 33758 жұмыс орны құрылып, меже асыра орындалды. ҚР Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында ағымдағы жылдың 1 қарашасына жұмыспен қамту органдарының ықпалымен 33 758 адам бос жұмыс орындарына орналасса, оның ішінде 14986-сы жастар. Бұдан бөлек, 108 жәрмеңке ұйымдастырылып, бос жұмыс орындар жәрмеңкесінде 1789 жұмыс беруші мекемелерден 7754 бос жұмыс орны ұсынылып, нәтижесінде 1193 адам тұрақты жұмысқа орналас ы. Атқарылып жатқан жұмыстар нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі үшінші тоқсанның қорытындысымен 4,8 пайызды, жастар арасындағы жұмыссыздық 3 пайызды құрады. «ҚР Еңбек нарығын дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында 2025 жылы 412,7 миллион теңге қара лып, кәсіптік оқытумен 1315 жұмыссыз азаматтарды оқыту жоспарланған. Қазіргі таңда жұмыс берушілердің жұмыс орнында оқыту жоспарына сәйкес 1 315 азамат оқудан өтті. Осы жаңа кәсіп игерген жұмыссыз азаматтардың 711- і жұмысқа орналасты. Жыл соңына дейін 100 пайызға жеткізу жоспарымыз бар. «Отбасын қолдау орталығын» ашу бойынша облыста биыл 6 отбасын қолдау орталықтары ашылды. Яғни,Т.Рысқұлов, Мойынқұм, Талас, Шу, Қордай, Меркі аудандарында. Қазіргі таңда «Анаға тағзым» орталығы және 11 отбасын қолдау орталығы бар. Жыл басынан бері Отбасын қолдау орталықтарына өмірлік қиын жағдайға тап болған 2 025 отбасы жүгінген, мобильдік топ құрамымен бірлесе отырып 331 өмірлік қиын жағдайдағы отбасы анықталған. Оның ішінде 225 отбасына жеке жұмыс жоспары жасалып, 125-імен жұмыс жүргізілді, енді 100 отбасымен жұмыстар жүргізілуде. Орындалмайтын көрсеткіштерге тоқталатын болсақ, конкурстық негізде жас кәсіпкерлерге жылдық 2,5 пайыз жеңілдікпен несие беру, яғни жоспар – 375 несие. Өздеріңізге белгілі бұл көрсеткіш республика бойынша тек 2023 жылы ғана несиеге қаржы берілген болатын. Осы аралықтан бастап қаражат берілмей келеді. Дегенмен біз 2025 жылы жастарға жеңілдетілген тәртіппен 35 жасқа дейінгі 375 адамға шағын несиелер беру үшін республикалық бюджет есебінен 1875 миллион теңгеге бюджеттік өтінім бердік. Дегенмен бюджет тапшылығына және сәйкесінше «Ауыл аманаты» жобасын қайталайды деген уәжбен қаражат республика бойынша берілмеді, – деді ол.

 

Ерман ӘБДИЕВ.

Ұқсас жаңалықтар