Футбол алаңының салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов қатысты.
«Біз бүгін заманауи жаңа футбол алаңының жасөспірімдер үшін пайдалануға берілгеніне куә болып отырмыз. Мұның барлығы балалардың спортқа қызығушылығын арттыруға деген ізгі қадам. Біз облыс әкімінің қолдауымен бұл бағыттағы жұмысты дамыта береміз. Мұның барлығы мемлекеттің нығаюы мен кемелденуі арқасында мүмкін болды. Осы алаңда жаттыққан балалардың арасынан болашақ әлем, Олимпиада чемпиондары шығады деп сенемін», – деді ол.
Мұнан соң Серік Жақсылықұлы жас спортшыларға 50 дана спорттық сөмке табыс етті. Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория жаңа нысанның аймақтық футболдың дамуына қосатын үлесі қомақты екенін, футбол спортын қолдауда Әулиеата өңірі алдыңғы қатарда тұрғанын атап өтті. Жаңа алаң жергілікті спортшылардың кәсіби шеберлігін арттыруға және бұқаралық спортты дамытуға серпін береді.
Жаңа алаңнан чемпиондар шыға берсін. Бұл кешеннің ашылуы балалар үшін шексіз қуаныш болғаны анық.
Есет ДОСАЛЫ
Ұқсас жаңалықтар
Мамыргүл жұлғандар да енді айыппұл төлеуі мүмкін
- 16 сәуір, 2026
Базарларда «ұйымдасқан топтар» әрекет етеді
- 16 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




