Сурдлимпиада жеңімпаздарын жамбылдықтар құрметпен қарсы алды
Жамбыл облысынан 7 спорт түрінде 12 спортшы өнер көрсетіп, 1 алтын, 2 күміс және 1 қола – барлығы 4 медаль жеңіп алып, облысымыздың абыройын асқақтатты. Атап айтар болсақ, спорттың дзюдо түрінен Айдос Түгелбаев командалық жарыста алтын, Анна Краморова жекелей жарыст а қола, командалық жарыста күміс, Фериде Кара-оглы командалық жарыста күміс алса, Эвелина Егембердиева 5-орын тұғырынан көрінді. Осыданақ, спортшылардың ортасында жамбылдықтардың дайындығы да, жеңіске деген ұмтылысы да жоғары болғанын көруге болады. Ал Сурдлимпиада ашылу салтанатында еліміздің көк байрағын Айдос Түгелбаев пен Анна Краморова көтерді.
Біз жеңімпаздардың жаттықтырушысы, «Тараз-Арена» спорт кешеніндегі дене мүмкіндігі шектеулі спорт клубының жаттықтырушысы Хайрулла Лукмановты әңгімеге тартқан едік.
– Жалпы, ұйымдастыру шаралары өте жоғары болды. Дзюдодан қатысқаны 37 мемлекет болды. Қазақстаннан 16 спортшы қатысты. Қанжығамызда алты орынды еншілеп, командалық есепте Қазақстан 1-орынды иеленді. Қазақстаннан кейін Жапония, Оңтүстік Корея мемлекеттерінің командалары тұрды. Біздің спортшылар – Айдос Түгелбаев үшінші рет, қыздар екінші рет қатысып отыр. Сондықт ан ешқандай толқу, қобалжу болған жоқ. Бастысы, қазылар әділ өткізді, – дейді Сурдлимпиада дзюдосының жаттықтырушысы.
Ал жалпы Хайрулла Лукмановтың дзюдо жаттықтырушысы болып жүргеніне 27 жыл толып отыр.
Ерман ӘБДИЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Татулықтың тұтқасы, бірліктің бесігі
- 5 мамыр, 2026
Биыл Орталық Азиядағы алғашқы ЖИ университеті ашылады
- 5 мамыр, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




