Тәуелсіздіктің онжылдығына, Астананың онжылдығына арналған республикалық жазба ақындар мүшәйрасының Бас жүлдегері.
1978 жылы «Сен менің бақытымсың» атты кітабы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығы берілді. 2006 жылы «Құт» кітабы үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
«Болашақ» поэмасы үшін К.Симонов атындағы халықаралық сыйлықтың иегері. Азаматтық үнінің айқындығымен, нәзік сыршылдығымен ерекшеленетін Ахметова шығармалары туған елді сүю, адалдық, достық, махаббат сезімдерін арқау етті.
Ақынның әр жылдары «Ақ гүлім менің», «Сен менің бақытымсың», «Бұлақтағы жұлдыздар», «Мейірім», «Жапырақ – жаздың жүрегі» атты өлеңдер жинағы жарық көріп, оқырманнан лайықты бағасын алған. Әр кезеңде Күләш ақын туралы Әбділда Тәжібаев, Тәкен Әлімқұлов, Жұмекен Нәжімеденов, Қадыр Мырзалиев, Әбіш Кекілбаев сияқты әйгілі тұлғалар жоғары пікір білдірген.
«Қазақ поэзиясының ақ гүлі» атанған ардақты ақын өмірінің соңғы жылдарында Тараз қаласында тұрды. Ақынның өлеңдерін бірнеше жас буын сүйіп оқып, өсті. Парасатты поэзиясы арқылы қалың оқырман ой түйіп, жақсылыққа ұмтылып, ақын жас ұрпақты дұрыс жолға тәрбиелеуге үлкен үлес қосты. Енді Күләш Ахметованың екінші өмірі басталды.
«Мейіріміне қалай мен тоя аламын,
Сол емес пе аяулым, сая бағым.
Халқым аман болсын деп көзімді іліп,
Халқым аман болсын деп оянамын» деп жырлаған ақынға да туған халқы бар махаббатын, мейірімін төкті.
Ақынның өлеңдері мен асыл бейнесі ел жүрегінде мәңгі сақталатыны анық.
Топырағы торқа, жаны жәннатта болсын.
Облыс әкімдігі, облыстық мәслихат, облыстық ардагерлер кеңесі және облыстық қоғамдық кеңесі.
Ұқсас жаңалықтар
Цифрлық ғасырдың басты кейіпкері – жастар
- 10 ақпан, 2026
Менингит несімен қауіпті, қалай қорғану керек?
- 10 ақпан, 2026
Ақпарат
Таразда таңды-таңға ұрып қисса айтатын жігіт бар
- 10 ақпан, 2026
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




