Салада 2020 жылы ауқымды реформа болды: Қорғаныс министрлігінің медиа-контент орталығының құрылуымен баспасөз қызметтері гарнизондық байланысқа ие болды. Енді елдің оңтүстігіндегі әрбір негізгі гарнизон өзінің ақпараттық алаңын жасақтауға кірісті. Бұл әскерлерде болып жатқан оқиғаларды дәлірек және жылдам жеткізумен көрсетуге мүмкіндік берді.
Тараз гарнизонының баспасөз қызметі - «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бірінші командасының тікелей жалғасы. Мұнда нақты уақытта подполковник Дина Мухаринова және 2 -сынып сержанты Владимир Мартыненко қызметін жалғастыруда. Олар Тараз және Луговой гарнизондарында сондай-ақ Меркі, Жамбыл, Байзақ және Жуалы аудандарында орналасқан бөлімдерде ақпарат таратумен айналысуда.
Гвардиялық гарнизонның баспасөз қызметін аға лейтенант Мақсат Тұрсынбек басқарады. Онымен бірге жұмысты 3-сынып сержанты Жұмат Базарқұл жүргізеді. Олар 40-шы «Отар» әскери базасын және гарнизонның басқа бөлімдерін ақпаратпен сүйемелдеуге жауапты. Біз осы жерде «Матыбұлақ » полигонында ең ірі далалық жаттығулар мен жауынгерлік атыстардың өтетіндігін және соларды елге жоғарыда есімдері аталған әскери жауынгерлердің насихаттайтындығын айта кетуге тиіспіз. « Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының құрамына кіретін Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы гарнизонда майор Исламбек Қалдыбеков пен 2-сынып сержанты Мақсат Жақсыбек, ал Сарыөзек пен Жаркенттегі гарнизонда подполковник Абзал Сартаев ақпараттық жұмыстармен айналысады. Олар ақпарат таратуда әскерлердің түрлері мен құрылымдарының сондай-ақ әскери бөлімдерінің қызметін қамтитын «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бөлімшелеріне ерекше назар аударады.
Бүгінгі таңда гарнизондардың баспасөз қызметі саланы азаматтық қоғаммен байланыстырушы ғана емес, сонымен қатар армияның ақпараттық қауіпсіздігі мен ашықтығының маңызды құрамдас бөлігі. Солардың жұмысының арқасында «Оңтүстік » өңірлік қолбасшылығы жауынгерлерінің ерлігі, еңбегі һәм күнделікті өмірі бүкіл елдің назарына ұсынылып, қоғамның айнасына айналуда.
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




