М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-да «Денсаулық» спартакиадасы өз мәресіне жетіп, жеңімпаздары анықталды. Естеріңізге сала кетсек, спартакиада үстіміздегі жылдың қаңтар айының 15-29-ы аралығында өткізіліп, оған университеттің факультеттері мен құрылымдық бөлімдерінен құралған 9 команда қатысып, спорттың 10 түрінен додаға түскен болатын. Сонымен, І орынды «Мұнай, газ және механика» факультеті, ІІ орынды «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» факультеті, ІІІ орынды «Басқару әкімшілігі» құрама командалары иеленді.
Спартакиада жеңімпаздары дипломдармен, кубоктармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Үздік ойыншылар да өздерінің шеберліктерімен тәнті етті. Белсенді үлес қосқан спортсүйер факультет декандары мен университет ардагерлері де арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Табиғат АБАИЛДАЕВ, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




