Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесу өткізу туралы» Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған жиынға өңірлік құқық қорғау органдары мен салалық басқармалардың басшылық өкілдері де қатысты. Аймақ басшысы басқосу барысында экономикалық көрсеткіштерге қысқаша тоқталып, облыс деңгейінде атқарылған жұмыстарды баяндады. Оның айтуынша, осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында облыстың жалпы өңірлік өнімі 1 триллион 550,6 миллиард теңгені құраған. Ал есепті кезеңде қысқа мерзімді экономикалық өсім 110,2 пайыз деңгейінде тіркелген.
– Мемлекет басшысы алға қойған басты міндеттердің бірі – өнеркәсіпті дамыту және инвестиция тарту. Биылғы жылдың 9 айында негізгі капиталға 491 миллиард теңге инвестиция тартылды. 2028 жылға дейінгі инвестициялық портфель 6,3 мыңнан астам жұмыс орнын құруды көздейтін негізгі 62 ірі жобадан тұрады. Жобалардың жалпы құны 3,5 триллион теңгеден асады. Осы жылы құны 161 миллиард теңгеге 26 жобаны іске асырып, 1,1 мың жұмыс орнын құру жоспарлануда. Жыл басынан 13,3 миллиард теңгеге 8 жоба іске қосылса, 184 жаңа жұмыс орны құрылды. «MASDAR», «TOTAL EREN», «Fujian Hengwang Investment», «Еурохим-Қаратау», «Qazaq Soda», «Fufeng Group», «Mariam Gold» және «Altynalmas Reaqents», «Шокпар-Гагаринское» мен «Shagala Mining» инвестициялық жобаларының жалпы құны 30 миллиард теңгеден асады, – деді Ербол Шырақпайұлы.
Бұдан кейін аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков көпшілік назарына әрбір сала бойынша нақты мәліметтерді ұсынды. Ол өз сөзінде инвестиция, бөлшек сауда айналымы, құрылыс, ауыл шаруашылығы мен ветеринария салаларына жеке-жеке тоқталып өтті. Атап өтейік, бүгінгі таңда тірлігі тіктелген Талас топырағында елді мекендерді газбен қамту жұмыстары әзірге толығымен шешілген жоқ. Мәселен, ауданда 23 ауылдың 17-сі газдандырылған. Ал Майтөбе, Қожағаппар, Қасқабұлақ, Есейхан, Қараой және Көктал ауылының тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізе алмай отыр.
Аудан әкімі бұл бағытта жүйелі жұмыстар қолға алынып, газ тарату желісінің құрылысына байланысты жобалық-сметалық құжаттар әзірленгенін тілге тиек етті. Демек тұтас таластықтардың табиғи газды пайдалануының ауылы алыс емес. Кездесудің сұрақжауап кезеңінде тұрғындар тарапынан ветеринария мен газ тарту салаларына қатысты көкейкесті сауалдар жолданды. Сондай-ақ жергілікті азаматтар қала тазалығы, көшелерді жарықтандыру мен қоғамдық көліктердің жайына да алаңдайтынын жасырмады. Өкінішке қарай, қазіргі таңда мұнда бірде-бір кардиолог маман жоқ екен.
Бұған қоса ауданда УЗИ-ге түсіретін бір ғана дәрігер бар болып шықты. Ал майтөбелік азамат Қуандық Сатыбалдиев өзі тұратын елді мекенде салауатты өмір салтын ұстанатын өскелең ұрпақтың қатары күн өткен сайын көбейе түскенін алға тартып, облыс басшылығынан спорт кешенін салып беруді сұрады. Өз кезегінде әрбір сауалға жанжақты жауап берген облыс әкімі барлық мәселені шешу үшін қыруар қаражат қажет екенін жасырмады. Әйтсе де, ұлт саулығын негізге алған Ербол Қарашөкеев медицина саласына қатысты жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.
Бұл жұмыстарды келер аптада аймақ басшысының тапсырмасымен құрылатын арнайы комиссия зерделемек. Жиын соңында аймақ басшысы 20-ға жуық азаматты жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Сондай-ақ бұл күні облыс әкімі «Alina Group» серіктестігінің жұмысымен танысып, «Talas Investment Company» зауытының құрылысының екінші кезеңін көзбен көрді.
Сапар соңында Ербол Шырақпайұлы Бостандық ауылындағы дене шынықтырусауықтыру спорт кешенінің ашылу салтанатына қатысты. «Әль-Мансур» мердігер компаниясы құрылысын жүргізген ғимараттың жалпы құны 562,7 миллион теңгені құрайды.
Есен ӨТЕУЛІ
Талас ауданы
Ұқсас жаңалықтар
Дәріханалардағы дәрі бағасы бір түнде өскені ме?
- 4 желтоқсан, 2025
ЖИ-ді іске асыруда жастардың рөлі ерекше
- 4 желтоқсан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




