Жаңалықтар
Таразда жазасын өтеушілер медициналық тексерістен өтті
- author «Ақ жол»
- 7 қараша, 2025
- 1.3k
Бүгін өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілер жылжымалы диагностикалық кешенінің көмегімен медициналық және профилактикалық тексеруден өткізілді.
Онда кардиолог, невропатолог, терапевт, хирург, генеколог пен функционалдық диагностика (УДЗ, ЭКГ) дәгігер мамандары мен орта медициналық қызметкерлер сотты болғандардың денсаулығын жіті бақылауға алды. Бұдан бөлек ақ халаттылар арнайы контингент өкілдеріне ақыл-кеңестерін беріп, тиісті зертханалық талдаулар жүргізді.

Атап өтейік, бұл іске облыстық прокуратура бастамашы болған. Ал сотты болғандарды медициналық тексерістен өткізген білікті мамандар облыс әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына қарасты мекеме өкілдері.
Ұқсас жаңалықтар
Бұлақ көзі ашылып, ағаштар отырғызылды
- 14 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




