Aisha Bakery кофеханасында өткен басқосу қайырымдылық пен мейірімге толы ерекше шара болды. Күні бойы сатылған әрбір кофе, әрбір дәм мен қуаныш сәті – ізгі іске айналды. Барлық түскен қаржы толығымен «Асаруме» қайырымдылық қорына аударылды. Ауыл жастары жастар қанаты шараның басынан аяғына дейін белсенділік танытып, волонтерлік қызмет атқарды. Олар қонақтарды қарсы алып, шараның көңілді әрі жылы өтуіне өз үлестерін қосты.
Айта кетерлігі, «Ауыл» партиясының атынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерболат Саурықов та қайырымдылық шарасына арнайы қатысып, жастармен бірге кофе ішіп, еркін әңгімелесті. Бұл кездесу жастарға шабыт пен мотивация сыйлады.
Шара соңында «Асаруме» қорының директоры Асхат Нұрмашев барлық қатысушыларға, әсіресе жастарға шынайы ризашылығын білдіріп, олардың белсенділігі мен жанашырлығына алғысын айтты.
«Бүгінгі күн – бірлік пен қайырымдылықтың, ізгілік пен мейірімнің жарқын көрінісі болды. Осындай игі істер арқылы қоғамымыз жылынып, жүректер жақындай түседі. Біз бірге жақсылықтың жаршысы бола аламыз», – деді ол.
Сондай-ақ республикалық «Үлкенге құрмет» қайырымдылық акциясы аясында партияның жастар қанаты мүшелері Любовь Богомолова әжеміздің үйіне барып, үй шаруасына көмектесіп, қолғабыс етті. Бұл игі іс қарттарға деген қамқорлық пен сыйластықтың айғағы болды. Жастар үлкен буынға құрмет көрсетіп, оларға жылулық пен көңіл сыйлауды өздеріне парыз деп санайды.
Осындай шаралар ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, қоғамда ізгілік пен мейірім құндылықтарын дәріптеуге мүмкіндік береді.
Ерман ӘБДИЕВ
Ұқсас жаңалықтар
Туризммен айналысатындарға мемлекеттік қолдау күшейді
- 26 ақпан, 2026
Еңбек адамының мүддесі – тұрақтылық негізі
- 26 ақпан, 2026
Ақпарат
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Поэтикалық баттл Күләш Ахметованың шығармашылығына арналды
- 26 ақпан, 2026
Міржақып Дулатов Әулиеатаға қашан келді?
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




